Азаматтық құқық саласындағы мәселелер

05.01.2020    Абдраймова Гүлжан Абжапбаровна


Білімім,жоғары,инженер-химик-технолог,Арыс қаласының 44859 әскери бөлімде 32 жыл еңбек етіп келемін.Соның ішінде 20 жыл бақылау зертханасында біліктілігі жоғары санатты инженер лауазымын атқардым.Қазіргі таңда 5 жыл 6 ай қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженер лауазымын атқарып келемін.Осы лауазымыма біліміме, жұмысымның жауапкершілігіне, мамандық бойынша еңбек стажыма байланысты біліктілігі жоғары санаттың тағайындалуын сұрап отырмын.Бірақ бухгалтер бәрін қайта бастайсыз дегеніне келіспеймін.Сонда мені жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкермен теңеп отыр. Менің осы лауазымдағы еңбек стажым, квалификациям неге есептелмейді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы нөмері 201 бұйрығына сәйкес, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженеріне біліктілікке қойылатын талапта 1санат жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс делінген.

<p class="ql-align-justify">жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындау; <em>(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы Ережесінің 20-тармағы).</em></p><p class="ql-align-justify">&nbsp;Осыған байланысты өз мәселеңізді шешу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (www.enbek.gov.kz)&nbsp;жүгінуіңізді ұсынамыз.</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.