Мемлекеттік қызмет мәселелері

05.01.2020    Хусаян Ризагүл


Мен мұғалім болып жұмыс жасаймын.Стаж 8 жыл. Мен 1 жылдан астам уақыт декреттік демалыста отырдым. Енді өзіме тиесілі сағаттарымды ала алмай отырмын. Не істеуме болады.

<p>Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.(2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабы)</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.