Жол қозғалысының ережелері

05.01.2020    Ниязов Адил Калдыбаевич


Мемлекеттік мүлік болып табылатын Автокөлік жол қозғалысының апаттық жағдайына ұшырады. Автокөлік жеңіл автокөлік жүргізушіге толық материалдық шарт негізінде жүктелген. Жеңіл автокөлік жүргізуші зардап шегуші бұл жағдайда келтірілген зиян калай өндіріледі

<p>Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, зиян мөлшерін айқындау туралы өтініштің негізінде жүргізеді.Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.Мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi. (Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.)</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.