Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер

06.01.2020    Жақып Нұрбол Мұхтарұлы


Сәлеметсіздерме ? Менің қойатын сұрағым төмендегіше: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 2019 жылғы 28 қазандағы №268-VI қабылданды. Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгертілген заңға сәйкес, аудан қалалардағы жергілікті атқарушы органдар жабылып, жергілікті ветеринариялық ұйымдар облыстық жергілікті атқарушы органдарға тікелей қарайды. Осыған байланысты Ветеринариялық уәкілетті органдарға берілетін штаттық бірліктердің өзгеруі бойынша ҚР Үкіметінің қаулысы шығадыма ? Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалай әрекет етеді. Түсіндіріп беріңізші. Меншікті қабылдау қалай жүзеге асырылады?

<p>Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Осыған байланысты мәселеңізді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласуды ұсынамыз(https://moa.gov.kz)</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.