Ұлттық Банктің мәселелері

09.01.2020    Байисов Бахыт АЙДОСОВИЧ


Сəлеметсіз бе,мен 2013 ж "Альянс банк"-тен кредит алған едім,оны уақытында төлемеген едім,кредит коллектор компанияға өтіп кетті,коллектор компания жұмыс жағыма хат жіберіп,енді менің айлығымнан 50 % басып,коллектордың шотына өткізіп жатыр.Қаншалықты заңды?Рахмет.

<p>Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы 61-б. 1-т. сәйкес Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Осыған байланысты өз мәселеңізді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне&nbsp;(www.nationalbank.kz)&nbsp;жүгінуіңізді ұсынамыз.</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.