Азаматтық құқық саласындағы мәселелер

29.01.2020    Ибрахим Ерлан Исаұлы

Көп балалы ана 7 перзент дүниеге әкелген. Оның біреуі 1 жасында қайтыс болған. Сұрақ осы көпбалалы ана КҮМІС АЛҚА раградасына құжат тапсыра алама?

"Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады. "Күмiс алқа" алқасымен наградтау кезiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi. (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» N 2676 Заңының 29 бабы)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» N 148 Заңына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi.

Осыған байланысты мәселеңізді шешу үшін өз қалаңыздың жергілікті атқарушы органына хабарласуды ұсынамыз.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.