О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 "Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 марта 2023 года № 199

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 "Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9792) следующие изменения:

      в Положении о Департаменте полиции Алматинской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Департамента: индекс 040800, Республика Казахстан, Алматинская область, город Қонаев, улица Индустриальная, 1.";

      в Положении о Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области Жетісу Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Департамента: 050030 Республика Казахстан, город Алматы, Турксибский район, улица Красногорская 73 А".

      2. Департаменту кадровой политики (Жолдасов О.Ж.) Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение двадцати рабочих дней со дня подписания настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) настоящего пункта.

      3. Начальникам территориальных подразделений органов внутренних дел в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить регистрацию изменений в учредительных документах в регистрирующих органах.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан генерал-
полковник полиции
М. Ахметжанов

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 199 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Полиция департаменті туралы ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 1.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі 73 А.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің бастықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркеуші органдарда құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
      генерал-полковнигі М. Ахметжанов