Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории поселка Майкаин Баянаульского района Павлодарской области

Решение акима Баянаульского района Павлодарской области от 1 марта 2024 года № 3/03

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", Приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", протоколом внеочередного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Баянаульского района от 28 февраля 2024 года № 5 РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба на территории поселка Майкаин Баянаульского района Павлодарской области в связи с возможной угрозой жизни жителям жилых домов, расположенных вблизи места провала, произошедшего на территории подземного рудника акционерного общества "Майкаинзолото".

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба назначить заместителя акима Баянаульского района Арыстанбекова Еркина Темирбулатовича и поручить провести мероприятия, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации техногенного характера.

      3. Отдел экономики и финансов Баянаульского района изыскать средства на мероприятия направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации техногенного характера.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Баянаульского района А. Ксентаев

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 3/03 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 28 ақпандағы кезектен тыс отырысының №5 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. "Майкаинзолото" акционерлік қоғамының жерасты кеніші аумағында жердің опырылуы орын алған жерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарының өміріне қауіп төнуі мүмкін болуына байланысты Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркин Темирболатович Арыстанбеков тағайындалсын және техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қаржы қарастырсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі А.Ксентаев