О внесении изменений в перечень секторов (подсекторов) услуг, в которых функционирует единый рынок услуг в рамках Евразийского экономического союза

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 года № 7

      В соответствии с пунктом 40 Протокола о торговле услугами, учреждении, деятельности и осуществлении инвестиций (приложение № 16 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), в целях реализации планов либерализации, утвержденных Решением Высшего Евразийского экономического совета от 26 декабря 2016 г. № 23, и с учетом информации Евразийской экономической комиссии Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Внести в перечень секторов (подсекторов) услуг, в которых функционирует единый рынок услуг в рамках Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 110, изменения согласно приложению.

      2. Евразийской экономической комиссии совместно с правительствами государств – членов Евразийского экономического союза выявлять положения, ограничивающие доступ лиц других государств-членов к поставке услуг, указанных в пунктах 51 и 52 перечня секторов (подсекторов) услуг, в которых функционирует единый рынок услуг в рамках Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 110, и обеспечить их устранение до 1 января 2020 г.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации


  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Высшего
Евразийского экономического совета
от 14 мая 2018 г. № 7

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в перечень секторов (подсекторов) услуг, в которых функционирует единый рынок услуг в рамках Евразийского экономического союза

      1. Дополнить пунктами 44 – 52 следующего содержания:

      "44. Услуги, связанные с производством и распространением кино- и видеофильмов (из СРС 96121 и 96141)7.

      45. Услуги по демонстрации видеофильмов (из СРС 96152)7.

      46. Услуги, связанные с недвижимым имуществом, собственным или арендуемым (за исключением риелторских услуг посредников) (из СРС 72111, 72112, 72121, 72122, 72130 и 72212)7.

      47. Услуги по аренде и лизингу прогулочных судов без оператора (экипажа), за исключением финансовых услуг, предусмотренных разделом XVI Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (из СРС 73240)7.

      48. Услуги в области рекламы (из СРС 83610, 83620, 83631 и 83690)8 в части:

      1) планирования, организации и осуществления рекламных кампаний, написания сценария для рекламных фильмов, планирования (без производства) рекламных объектов или фильмов;

      2) почтовой рекламы;

      3) продажи места для рекламы, включая книги, брошюры и буклеты;

      4) продажи издателем места для рекламы в газетах, журналах и периодических изданиях;

      5) продажи места для рекламы на открытках, расписаниях, бланках, плакатах и других печатных материалах, поставляемых издателем;

      6) воздушной рекламы;

      7) доставки образцов и другой рекламной продукции;

      8) демонстрации и презентации в месте продажи;

      9) оказания таких услуг представителями непосредственно клиентам с предоставлением информации и (или) образцов товаров;

      10) стимулирования сбыта товаров и услуг.

      49. Услуги по геологическим, геофизическим и другим видам изыскательских работ в части научных консультативных услуг в области геологии, геофизики, геохимии и прочих наук, связанные с поиском месторождений твердых полезных ископаемых, нефти, газа и подземных вод, за исключением полевых работ (из СРС 83510)9.

      50. Услуги бюро путешествий и туристических агентств (услуги туроператоров и турагентов) (из СРС 67811/67812)10.

      51. Услуги по проведению научно-исследовательских работ и внедрению в области общественных и гуманитарных наук (из СРС 81210, 81220, 81230, 81240 и 81290)11.

      52. Услуги по проведению научно-исследовательских работ и созданию опытных разработок в сфере естественных наук (из СРС 81110, 81120, 81130, 81140, 81150 и 81190)11 в части прикладных исследований в областях:

      1) теплоты, света, электромагнетизма, астрономии;

      2) катализа, ферментации, физиологии и экологии животных, растений и микроорганизмов;

      3) технологии литья, металлургии, машин, электричества, связи, судов, воздушных судов, гражданского строительства, строительства, информации;

      4) агротехники, садоводства, лесного хозяйства, животноводства, рыболовства;

      5) лечения болезней, профилактической гигиены и фармацевтики;

      6) экологии.".

      2. Дополнить сносками 7 – 11 следующего содержания:

      "7 Действует с даты вступления в силу Решения Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 г. № 7 .

      8 Для Республики Армения, Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Российской Федерации действует с даты вступления в силу Решения Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 г. № 7 , для Республики Беларусь – с 1 января 2020 г.

      9 Для Республики Армения, Республики Беларусь, Кыргызской Республики и Российской Федерации действует с даты вступления в силу Решения Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 г. № 7, для Республики Казахстан – с 1 января 2025 г.

      10 Действует с 1 декабря 2019 г. для Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации, для Республики Армения и Кыргызской Республики – при условии принятия нормативных правовых актов, устанавливающих обязанность введения реестра поставщиков туристических услуг на бесплатной, бессрочной, необременительной и уведомительной основе.

      Оказание услуг в рамках единого рынка услуг осуществляется в соответствии с законодательством государства – члена Евразийского экономического союза в сфере защиты прав потребителей (получателей) туристических услуг, включая требования о формировании резервных (страховых) фондов и (или) использовании иных финансовых инструментов, обеспечивающих ответственность поставщика услуг одного государства-члена перед потребителями (получателями) услуг, являющимися лицами другого государства-члена.

      11 Действует с 1 января 2020 г. При этом различия в требованиях законодательства государств – членов Евразийского экономического союза, касающихся получения ученых степеней и ученых званий (включая различия в их наименованиях) лицами, являющимися персоналом поставщика услуг, не могут являться препятствием для поставки услуг при функционировании единого рынка услуг в рамках Евразийского экономического союза.".

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 7 шешімі

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 40-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкіметтерімен бірлесіп, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесінің 51 және 52-тармақтарында көрсетілген қызметтер көрсетуді беруге басқа да мүше мемлекеттер тұлғаларының қол жеткізуін шектейтін ережелерді анықтасын және оларды 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жоюды қамтамасыз етсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 7 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 44 – 52-тармақтармен толықтырылсын:

      "44. Кино- және бейнефильмдердің өндірісімен және оларды таратумен байланысты қызметтер көрсету" (CPC 96121 және 96141-тен)7.

      45. Бейнефильмдерді көрсету жөнінде қызметтер көрсету (CPC 96152-тен) 7.

      46. Жылжымайтын мүлікпен, жеке немесе жалдамалы мүлікпен байланысты қызметтер көрсету (делдалдардың риелторлық қызметтер көрсетуін қоспағанда) (CPC 72111, 72112, 72121, 72122, 72130 және 72212-тен)7.

      47. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVI бөлімінде көзделген қаржылық қызметтер көрсетуді қоспағанда, операторсыз (экипажсыз) серуендеу кемелерін жалдау және оның лизингі жөнінде қызметтер көрсету (CPC 73240-тен) 7.

      48. Жарнама саласында қызметтер көрсету (CPC 830610, 83620, 83631 және 83690-нан)8 мына бөлікте:

      1) жарнамалық науқандарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, жарнамалық фильмдер үшін сценарийлер жазу, жарнамалық объектілерді немесе фильмдерді жоспарлау (өндіріссіз);

      2) почта жарнамасы;

      3) кітаптарды, кітапшаларды, буклеттерді қоса алғанда, жарнама үшін орындар сату;

      4) баспашының газеттерде, журналдарда және мерзімдік басылымдарда жарнама үшін орындар сатуы;

      5) баспашы беретін ашықхаттарда, кестелерде, бланкілерде, плакаттарда және басқа да баспа материалдарында жарнама үшін орындар сату;

      6) әуе жарнамасы;

      7) үлгілерді және басқа да жарнамалық өнімді жеткізу;

      8) сату орындарында көрсету және таныстыру;

      9) ақпарат және (немесе) тауарлардың үлгілерін ұсына отырып, өкілдердің тікелей клиенттерге осындай қызметтер көрсетуі;

      10) тауарлар мен қызметтер көрсетуді өткізуді ынталандыру.

      49. Дала жұмыстарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалардың, мұнайдың, газдың және жерасты суларының көздерін іздестіруге байланысты геология, геофизика, геохимия және өзге де ғылымдар саласындағы ғылыми консультативтік қызметтер көрсету бөлігінде геологиялық, геофизикалық және іздестіру жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қызметтер көрсету (CPC 83510-нан)9.

      50. Саяхат бюросының және туристік агенттіктердің қызметтер көрсетуі (туроператорлар мен турагенттердің қызметтер көрсетуі) (CPC 67811/67812-ден)10.

      51. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және енгізу жөнінде қызметтер көрсету (CPC 81210, 81220, 81230, 81240 және 81290-нан)11.

      52. Жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тәжірибелік әзірлемелер жасау жөнінде қызметтер көрсету (CPC 81110, 81120, 81130, 81140, 81150 және 81190-нан)11, мына салалардағы қолданбалы зерттеулер бөлігінде:

      1) жылу, жарық, электромагнетизм, астрономия;

      2) катализ, ферментация, жануарлардың, өсімдіктердің және микроағзалардың физиологиясы мен экологиясы;

      3) құю технологиялары, металлургия, машиналар, электр, байланыс, кемелер, әуе кемелері, азаматтық құрылыс, құрылыс, ақпарат;

      4) агротехника, бағбандық, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы;

      5) ауруларды емдеу, профилактикалық гигиена және фармацевтика;

      6) экология.".

      2. Мынадай мазмұндағы 7 – 11-сілтемелермен толықтырылсын:

      "7 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 7 шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылады.

      8 Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 7 шешімі күшіне енген күннен бастап, Беларусь Республикасы үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      9 Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 7 шешімі күшіне енген күннен бастап, Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      10 Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін – ақысыз, мерзімсіз, ауыртпалықсыз және хабарламалық негізде туристік қызметтер көрсетуді берушілердің тізілімін енгізу міндетін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау шартымен қолданылады.

      Қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы шеңберінде қызметтер көрсету резервтік (сақтандыру) қорларын қалыптастыру және (немесе) бір мүше мемлекеттің қызметтер көрсетуді берушісінің басқа мүше мемлекеттің тұлғалары болып табылатын қызметтер көрсетуді тұтынушылардың (алушылардың) алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін өзге де қаржы құралдарын пайдалану туралы талаптарды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің туристік қызметтер көрсетуді тұтынушылардың (алушылардың) құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      11 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасы талаптарындағы қызметтер көрсетуді берушінің персоналы болып табылатын адамдардың ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар алуына қатысты айырмашылық (олардың атауларындағы айырмашылықты қоса алғанда) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі кезінде қызметтер көрсетуді беруде кедергі болып табылмайды.".