Об основных ориентирах макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2019 – 2020 годы

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 29 мая 2019 года № 7

      Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Утвердить прилагаемые основные ориентиры макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2019 – 2020 годы.

      2. Рекомендовать правительствам государств – членов Евразийского экономического союза учитывать при проведении макроэкономической политики утвержденные настоящим Решением основные ориентиры макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2019 – 2020 годы.

      3. Евразийской экономической комиссии проводить анализ мер, реализуемых государствами – членами Евразийского экономического союза в области макроэкономической политики, и оценивать соответствие таких мер утвержденным настоящим Решением основным ориентирам макроэкономической политики государств – членов Евразийского экономического союза на 2019 – 2020 годы.

      4. Настоящее Решение вступает в силу с даты его официального опубликования.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 7 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын ескеру ұсынылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясат саласында іске асыратын шараларына талдау жүргізсін және мұндай шаралардың осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларына сәйкестігін бағаласын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 7 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ

      Осы құжат 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленді және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 28 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) 2019-2020 жылдарға арналған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен айқындалған міндеттерді шешуге бағытталған.

      Жаһандық тауар және қаржы нарықтарында турбуленттіліктің күшеюіне қарамастан, мүше мемлекеттердегі 2018 жылғы макроэкономикалық жағдай айтарлықтай орнықты тұрақтап қалды.

      Одақта экономикалық өсу қарқыны 2 пайыздан – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 11 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарында белгіленген деңгейден асты. Бұл ретте Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы соңғы екі жыл ішінде экономикалық өсу қарқынын әлемдік орташа деңгейден жоғары ұстап келеді.

      2018 жылдың қортындысы бойынша жалпы Одақ бойынша тауарлар өндірудің және көрсетілетін қызметтердің негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды. Өнеркәсіп өндірісі барлық мүше мемлекеттерде артты және ол жалпы Одақ бойынша 3,1 пайызды құрады. Бұл ретте Одақта тау-кен өндіру секторында өндіріс көлемінің артуы өңдеу секторымен салыстырғанда жоғары болды, бұл Ресей Федерациясында пайдалы қазбаларды өндіруді арттырумен байланысты болып отыр. Жалпы Одақ бойынша құрылыс секторындағы өсу 5 пайызды құрады. Бөлшек сауда айнылысы Одақта 3,1 пайызға артты, бұл ретте өсу әрбір мүше мемлекетте байқалды. Армения Республикасында, Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында өндіріс көлемінің төмендеуі салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде аздаған қысқару (0,4 пайыз) орын алды.

      Инвестициялық белсенділіктің артуы барлық мүше мемлекеттерде экономикалық даму динамикасына оң ықпалын тигізді. Капитал салымының Қазақстан Республикасында неғұрлым жоғары өсу қарқыны көрінді, мұнда тау-кен қазба және көбіне өңдеу саласына инвестициялар көлемінің артқаны байқалды.

      Мүше мемлекеттердегі іскерлік белсенділіктің орынды оң динамикасы шикізаттың нарықтағы баға конъюктурасының 2018 жыл бойына созылған салыстырмалы қолайлылығымен қатар тауарлардың сыртқы және өзара саудасы көлемінің өсуіне ықпал етті. Үшінші елдермен сауданың құндық көлемі экспорттың тауар құрылымында минералды өнімдердің басымдықты сақтап қалғаны ескеріле отырып, озық қарқынмен артты. Инвестициялық белсенділіктің өсуіне қарай импорттық сатып алулар көбіне машина жасау және өнеркәсіптік жабдық саласы өнімдеріне шоғырланды, бұл, екінші жағынан оның импортқа тәуелділігін арттыруға ықпал ете отырып, Одақтың өндірістік әлеуетін дамытуға біршама серпін берді.

      Өндірістік секторда шығарылымның өсуі және импорт көлемінің артуы аясында шынайы еңбек жалақысының өсуі мен тұтынушылық несие беру көлемінің артуынан қолдау тапқан тұтынушылық белсенділік негізінен ұзақ пайдаланылатын тауарлар есебінен көтерілді, бұл негізінен өткен жылдары оны айтарлықтай қысымдағаннан кейін тұтынуды бірте-бірте қайта қалпына келтірумен байланысты. Сонымен бірге халықтың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына жоғары сезімталдығы сақталып қалды.

      Мүше мемлекеттердегі тұтыну бағаларының өсуі бірқалыпты болды. Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің саясаты инфляция көрсеткіштерін ұлттық орташа мерзімдік бағдарларға жақын не соның шегінде ұстап тұруға бағытталды, бұл да іс жүзінде барлық мүше мемлекеттердің Шартпен белгіленген инфляция деңгейі көрсеткіштерінің шекті есептік сандық мәнін (тұтынуш бағалары индексін) сақтап қалуға ықпалын тигізді. Инфляциялық қор, негізінен, ішкі сұранысты нығайту, отын-энергетикалық тауарлардың бағасын арттыру, сондай-ақ кейбір мүше мемлекеттерде ұлттық валюталарды әлсірету секілді факторлар есебінен қалыптастырылды.

      2018 жылы мемлекеттік қаржы саласындағы жағдай жақсарды, мемлекеттік басқару секторының қарызы жалпы ішкі өнімге қатысы бойынша барлық мүше мемлекеттерде төмендеді. Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында мемлекеттік басқару секторының шоғырланған бюджет сальдосы оң болды, ал Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасында – теріс болды, алайда бұл елдердегі бюджет тапшылығы 2017 жылмен салыстырғанда азайды. Мүше мемлекеттер үкіметтерінің бюджеттің құрамдас бөліктерінің кірісін ұлғайту және шығысын оңтайландыру бойынша қабылдаған шаралары, сондай-ақ олардың ағымдағы теңгерімділігі мен ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік қағидаларды енгізу және оларды мемлекеттік қаржыны басқару практикасында пайдалану жағдайды жақсартуға ықпал етті.

      Одақта 2018 жылы 2 пайыздық экономикалық өсуге қол жеткізу бойынша міндет орындалды. Алайда алынған макроэкономикалық нәтижелер айтарлықтай тұрақтылықпен ерекшеленбейді және экономикалық өсудің қол жеткізген қарқынын орта мерзімді кезеңде ұстап қалу мүше мемлекеттер үшін сын-қатер болып табылады. Экономикалық белсенділікті қайта қалпына келтіру фазасы аяқталып келеді және 2019 жылы экономикалық өсу жалпы Одақ бойынша баяулай бастайтын болады. Бұл жаһандық сыртқы тәуекелдермен де, кешенді түрде жалпы Одақтың макроэкономикалық орнықтылығына және экономикалық дамуына әсер ететін ішкі шектеулермен де байланысты.

      2019-2020 жылдардағы кезеңде жетекші халықаралық ұйымдар бірқатар дамыған елдер мен нарықтарды қалыптастырушы ірі экономикалардың ақша-несие саясатының қатаңдай түсуі, өнеркәсіптік өндірістің берік ұстамды динамикасы және әлемдік сауда талаптарының күрделенуі аясында әлемдік экономиканың өсуі баяулайтынын болжап отыр.

      АҚШ-тың Федералдың резервтік жүйесі қабылдаған базалық пайыздық ставканы одан әрі арттыру туралы бірқатар шешімдерімен байланысты АҚШ-та пайыздық ставкалардың өсуі Солтүстік Америка активтерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және нарықты қалыптастыратын елдерден капиталдың жылыстауының жалғасуына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты, Ресей Федерациясына қатысты санкциялық қысым көрсетудің сақталуы ықтималдығын ескере отырып, мүше мемлекеттердің одан әрі экономикалық дамуы үшін қажетті негіз ретінде Одақ шеңберінде макроэкономикалық және қаржылық талаптардың болжамдығы мен орнықтылығын арттыру ерекше өзекті мәнге ие болмақ.

      Өнеркәсіптік өндірістің әлемдік өсуінің баяулауы энергия тасымалдау және металдар нарығында ұсыныстар сұраныстан артық болған жағдайда мүше мемлекеттердің шикізат бағасын және экспорттың құндық көлемін төмендетуге қысым көрсетуге бейім. Шикізаттық тауарлар әлі де мүше мемлекеттердің экспорты құрылымында ірі бап болып табылады, алайда шикізаттық ресурстарды пайдалану есебінен ұлттық экономиканың экстенсивті өсу мүмкіндігі елеулі шектеулі. Құрылымдық-инвестициялық саясаттың мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен бірге бизнесті инвестициялық мотивациялауды арттыру үшін қолжетімді ынталандыруды да пайдалана отырып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, сапалы жаңа ғылыми-технологиялық әзірлемелер мен инновацияларды құру негізінде Одақтың өндірістік әлеуетін арттыруға күш-жігерді шоғырландыру қажет.

      Сауда шектеулерін қатаңдатумен және жаһандық протекционизмнің күшеюімен байланысты әлемдік сауда талаптарының күрделене түсуі көптеген елдердің тауарларының кең ауқымын қамтиды және халықаралық өндіру-өткізу тізбегінің қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Жаһандық сауда-экономикалық өзара іс-қимыл перспективасының нашарлауы аясында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін жылжуын одан әрі кеңейту, сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру есебінен Одақтың ішкі нарығын дамытудың және мүше мемлекеттердің бәсекелестік басымдықтарын тиімді пайдаланудың маңыздылығы арта түсуде. Халықаралық тұрақсыздықтың үдей түсуі жағдайында ішкі нарықтың дамуы күш-жігерді біріктіру, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Одақ шеңберінде ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шараларды үйлестіру есебінен мүше мемлекеттердің экономикасы үшін қосымша синергетикалық тиімділік құруға бейім. Осыған байланысты 2018 жылғы 6 желтоқсанда мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы шартты іске асыру да ерекше маңызы бар.

      Сонымен бірге, сыртқы серіктестермен сауда және экономикалық байланыстарды нығайту маңызды басымдық және мемлекетаралық өзара тиімді қарым-қатынасты құрудың кепілі болып қала береді.

      Жаһандық қалыптасқан конъюктура тұрғысынан алғанда мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының орташа мерзімдегі перспективасының басым мақсаты Одақтың ішкі нарығында және сыртқы нарықта мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қарқынды және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Одақ экономикасының тұрақты және қарышты дамуы үшін стратегиялық негіздерді нығайтуға күш салу қажет.

      Осы мақсатқа қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша ұлттық және интеграциялық шараларды іске асыруға ықпал ететін болады:

      ішкі макроэкономикалық және қаржылық талаптардың болжамдығы мен орнықтылығын арттыру:

      баға тұрақтылығын ұстап тұру;

      мемлекеттік қаржының орнықтығын арттыру;

      халықаралық қағидаттар мен стандарттар негізінде қаржы секторын одан әрі дамыту;

      өзара саудада есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту үшін жағдай жасау;

      мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетін күшейту:

      экономиканың өндірістік секторында инвестициялық белсенділікті ынталандыру;

      ғылыми-технологиялық және инновациялық саланы дамыту үшін қажетті жағдайлар мен құралдарды құру;

      цифрлық және ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;

      өнеркәсіптің басымдыққа ие салаларында кооперация мен импортты алмастыруда интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша импортты алмастыратын кооперациялық жобаларды жүзеге асыруда мүше мемлекеттердің өнеркәсіп орындарын қолдау механизмін қалыптастыру;

      қосылған құны жоғары өнім шығару бойынша қуатты үдету және өнеркәсіптік кооперацияны күшейту;

      өнеркәсіпте мемлекетаралық бағдарламалар мен интеграциялық жобаларды іске асыру және Одақтың агроөнеркәсіптік секторында осындай жобаларды қалыптастыру;

      Одақтың ішкі нарығын дамыту және сыртқы әріптестермен ынтымақтастықты нығайту: Одақтың ішкі нарығында, соның ішінде Шарттың тиісті ережелеріне және Одақ органдарының оны дамыту мақсатында қабылданған актілеріне өзгерістер енгізу арқылы тосқауылдарды анықтау және жою, сондай-ақ алып қоюлар мен шектеулерді кезең-кезеңімен қысқарту бойынша жұмысты жалғастыру;

      мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында қолайлы бәсекелес ортаны қалыптастыру және бәсекелестікті қорғау;

      Одақтың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту;

      Одақ шеңберінде еңбекке және білім алуға жұмылдыру саласында мүмкіндіктерді кеңейту;

      сыртқы әріптестермен сауда және экономикалық байланысты тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.