О внесении изменений в перечень международных и региональных (межгосударственных) стандартов, а в случае их отсутствия – национальных (государственных) стандартов, содержащих правила и методы исследований (испытаний) и измерений, в том числе правила отбора образцов, необходимые для применения и исполнения требований технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011) и осуществления оценки соответствия объектов технического регулирования

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 29 января 2019 года № 19

      В соответствии с пунктом 4 Протокола о техническом регулировании в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 9 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 5 приложения № 2 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Пункты 1, 18 и 65 перечня международных и региональных (межгосударственных) стандартов, а в случае их отсутствия – национальных (государственных) стандартов, содержащих правила и методы исследований (испытаний) и измерений, в том числе правила отбора образцов, необходимые для применения и исполнения требований технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011) и осуществления оценки соответствия объектов технического регулирования, утвержденного Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 декабря 2018 г. № 219, в отношении ГОСТ 33670-2015 "Автомобильные транспортные средства единичные. Методы экспертизы и испытаний для проведения оценки соответствия" в графе "Примечание" дополнить словами "применяется с 01.07.2019".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 28 января 2019 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 19 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 219 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011) техникалық регламентін қолдану және оның талаптарын орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің "МЕМСТ 33670-2015 "Жекелеген автомобиль көлік құралдары. Сәйкестікке бағалау жүргізуге арналған сараптамалар мен сынақтар әдістеріне" қатысты 1, 18 және 65-тармақтары "Ескертпе" бағанында "01.07.2019 бастап қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 28 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян