О внесении дополнений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90 "Об утверждении Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, Образцов документов к государственным наградам Республики Казахстан и Описания знаков государственных наград Республики Казахстан"

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 20 октября 2023 года № 85

      Внести в распоряжение Президента Республики Казахстан от 8 ноября 1999 года № 90 "Об утверждении Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, Образцов документов к государственным наградам Республики Казахстан и Описания знаков государственных наград Республики Казахстан" следующие дополнения:

      1) в Инструкции о порядке представления к награждению государственными наградами Республики Казахстан и их вручения, утвержденной вышеуказанным распоряжением:

      пункт 3 дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Почетное звание "Қазақстанның халық жазушысы" присваивается лицам, внесшим особый вклад в развитие литературы Республики Казахстан, удостоенным ранее почетного звания "Қазақстанның еңбек ciңipгeн қайраткері" ("Заслуженный деятель Казахстана"), и (или) лауреатам государственных премий Республики Казахстан в области литературы.";

      2) в приложении 3 к вышеуказанному распоряжению:

      после описания нагрудного знака к почетному званию "Қазақстанның халық әртici" дополнить следующим описанием нагрудного знака к почетному званию "Қазақстанның халық жазушысы":

      "Нагрудный знак к почетному званию "Қазақстанның халық жазушысы" изготавливается из латуни в форме правильного круга диаметром 30 мм.

      На лицевой стороне нагрудного знака выполнено изображение книги и пера. В верхней части по кругу нагрудного знака расположена надпись "Қазақстанның халық жазушысы".

      На оборотной стороне в нижней части имеется площадка для нанесения номера с помощью лазерной гравировки.

      С помощью ушка и кольца нагрудный знак соединен с планкой, обтянутой муаровой лентой голубого цвета шириной 20 мм.

      Нагрудный знак при помощи булавки с визорным замком крепится к одежде.

      Все изображения и надписи на нагрудном знаке выпуклые. Края медали окаймлены бортиками.".

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 90 өкімі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) жоғарыда көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" ("Заслуженный деятель Казахстана") құрметті атағына ие болған адамдарға және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарына беріледі.";

      2) жоғарыда көрсетілген өкімге 3-қосымшада:

      "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы төсбелгісінің сипаттамасынан кейін "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы төсбелгісінің мынадай сипаттамасымен толықтырылсын:

      "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағының төсбелгісі диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанындағы жезден дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында кітап пен қауырсынның суреті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде төсбелгі шеңберінің бойымен "Қазақстанның халық жазушысы" деген жазу орналасқан.

      Сыртқы жағында төменгі бөлігінде лазерлік нақыштау арқылы нөмірді жазуға арналған орын бар.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған ені 20 мм тағанға жалғанған.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

      Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы. Төсбелгінің шеті ернеумен жиектелген.".

      Қазақстан Реепубликасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ