Об утверждении Правил торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в окружающую среду

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2008 года № 107. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 250.

      В соответствии со статьей 16 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить Правила торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в окружающую среду.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 6 февраля 2008 года N 107

Правила
торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссий в
окружающую среду

      1. Правила торговли квотами и обязательствами на сокращение эмиссии в окружающую среду (далее - Правила) разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      обязательства на сокращение эмиссий в окружающую среду (далее - обязательства на сокращение эмиссий) - условия природопользования, определяемые в экологическом разрешении и заключающиеся в поэтапном снижении эмиссий в окружающую среду в течение определенного времени;

      лимиты на эмиссии в окружающую среду (далее - лимиты на эмиссии) - нормативный объем эмиссий в окружающую среду, устанавливаемый на определенный срок;

      квота на эмиссии в окружающую среду (далее - квота на эмиссии) - часть лимита на эмиссии в окружающую среду, выделяемая конкретному природопользователю на определенный срок;

      эмиссии в окружающую среду - выбросы, сбросы загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающей среде, вредные физические воздействия.

      3. Торговля квотами на эмиссии и обязательствами на сокращение эмиссий осуществляется посредством передачи части неиспользованного лимита на эмиссии, выделенного природопользователю в рамках экологического разрешения, другому природопользователю (природопользователям).

      4. С целью не превышения имеющегося лимита на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий в течение определенного периода времени, установленных в экологическом разрешении, природопользователь может приобрести недостающую часть квоты на эмиссии и часть обязательств на сокращение эмиссий у другого природопользователя, имеющего резерв лимитируемого объема эмиссий в окружающую среду.

      5. В случае если природопользователь имеет резерв фактических эмиссий в окружающую среду по сравнению с лимитом на эмиссии и обязательствами на сокращение эмиссий, установленных экологическим разрешением, он может предложить часть квоты на эмиссии и часть обязательств на сокращение эмиссий к продаже другим природопользователям.

      6. Передача квоты на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий от одного природопользователя к другому осуществляется отдельно по выбросам, сбросам загрязняющих веществ, по размещению отходов производства и потребления.

      7. Торговля квотами на эмиссии в окружающую среду и обязательствами на сокращение эмиссий допускается между природопользователями в случае, если расстояние между источниками выбросов, сбросов загрязняющих веществ, объектами размещения отходов производства и потребления не превышает десятикратной суммы радиусов санитарно-защитных зон, установленных для данных природопользователей.

      8. Передача квоты на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий по выбросам, сбросам загрязняющих веществ в размере К тонн (кубических метров) по веществу i от одного природопользователя другому компенсирует последнему недостающий лимит (размер обязательства на снижение эмиссий) в размере L тонн (кубических метров) по веществу j в случае если соблюдается соотношение

      А i * К = А j * L,

      где А i , А j - коэффициенты относительной опасности веществ i, j для атмосферного воздуха (воды). Передача квоты на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий осуществляется только по выбросам (сбросам) веществ, принадлежащих к одному классу опасности.
      Передача квоты на эмиссии по размещению отходов производства и потребления и обязательств на сокращение эмиссий осуществляется по видам отходов, отнесенных к одному уровню опасности, в равных физических объемах.
      Передача квот на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий между природопользователями допускается в пределах срока действия экологических разрешений, выданных сторонам в установленном порядке.

      9. Для совершения сделки по продаже (приобретению) квоты на эмиссии и обязательств на сокращение эмиссий стороны заключают договор купли-продажи (далее - договор).

      10. На основе договора органом, выдающим экологические разрешения, в соответствии с действующим законодательством производится переоформление соответствующих экологических разрешений для каждого из участников договора.

      11. Для переоформления экологического разрешения необходимы следующие документы:

      1) заявление в произвольной форме;

      2) нотариально заверенная копия договора.

      12. В переоформлении разрешений отказывается, если при заключении Договора не соблюдены условия пунктов 7, 8 настоящих Правил.

      13. При отказе в переоформлении экологических разрешений в десятидневный срок дается мотивированный ответ в письменном виде.

Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 107 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 6 ақпандағы  
N 107 қаулысымен    
бекітілген      

Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған
квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелер (бұдан әрі - эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелер) - экологиялық рұқсатта анықталатын және белгілі бір уақыт ішінде қоршаған ортаға эмиссияларды кезең-кезеңімен төмендетуді өзіне қамтитын табиғат пайдалану шарттары;
      қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер (бұдан әрі - эмиссияларға арналған лимиттер) - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
      қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота (бұдан әрі - эмиссияларға арналған квота) - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
      қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету.

      3. Эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат шеңберінде бөлінген эмиссияларға арналған пайдаланылмаған лимиттің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыларға) беру арқылы жүзеге асырылады.

      4. Эмиссияларға арналған бар лимиттен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерден аспау мақсатында табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген уақыт кезеңі ішінде квотаның жеткіліксіз бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттелетін көлемінің резервіне ие басқа табиғат пайдаланушыдан сатып ала алады.

      5. Егер табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссияларға арналған лимитпен және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелермен салыстырғанда қоршаған ортаға нақты эмиссиялардың резервіне ие болған жағдайда, ол эмиссияларға арналған квотаның бөлігін және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелердің бөлігін басқа табиғат пайдаланушыларға сатуға ұсына алады.

      6. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша жеке жүзеге асырылады.

      7. Егер ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін, өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну объектілері арасындағы қашықтық осы табиғат пайдаланушылар үшін белгіленген санитарлық-қорғау аймақтары радиустерінің он еселенген сомасынан аспаса, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталар мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сатуға рұқсат беріледі.

      8. К тонна (текше метр) мөлшерінде і заты бойынша бір табиғат пайдаланушыдан басқасына ластаушы заттардың шығарындылары, төгінділері бойынша эмиссияға арналған квота мен эмиссияларды қысқарту жөніндегі міндеттемелерді беру соңғысына b тонна (текше метр) мөлшерінде j заты бойынша жеткіліксіз лимитті (эмиссияларды төмендетуге арналған міндеттемелердің мөлшері), егер мына арақатынас сақталатын болса,

      А і * К = A j *L өтейді,

      мұнда, А і , A j - атмосфералық ауа (су) үшін і, j заттарының салыстырмалы қауіпсіздігінің коэффициенттері. Эмиссияға арналған квота мен эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру тек қана қауіпсіздіктің бір сыныбына тиесілі заттардың шығарындылары (төгінділері) бойынша жүзеге асырылады.
      Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді беру қауіптіліктің бір деңгейіне жататын қалдықтардың түрлері бойынша тең физикалық көлемдерде жүзеге асырылады.
      Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді табиғат пайдаланушылар арасында беруге тараптарға белгіленген тәртіппен берілген экологиялық рұқсаттардың қолданылу мерзімдері шегінде жол беріледі.

      9. Эмиссияларға арналған квотаны және эмиссияларды қысқартуға арналған міндеттемелерді сату (сатып алу) жөнінде мәміле жасасу үшін тараптар сатып алу-сату шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады.

      10. Экологиялық рұқсаттарды беретін орган шарттың негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарттың әрбір қатысушысы үшін тиісті экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеуді жүргізеді.

      11. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      12. Егер шарт жасасқан кезде Ереженің 7, 8-тармақтарының ережелері сақталмаса, рұқсатты қайта ресімдеуден бас тартылады.

      13. Экологиялық рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартылған кезде он күн мерзімде жазбаша түрде дәлелденген жауап беріледі.