Об утверждении Правил определения охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия и режима их использования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1218. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 238

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2015 № 238.

      В соответствии с подпунктом 9) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года «Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия и режима их использования.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 октября 2011 года № 1218

Правила
определения охранных зон, зон регулирования застройки и зон
охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного
наследия и режима их использования

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия и режима их использования разработаны в соответствии с подпунктом  9) статьи 17 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года «Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия» и устанавливают порядок определения охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта объектов историко-культурного наследия и режима их использования.
      2. Охранная зона, зона регулирования застройки и зона охраняемого природного ландшафта устанавливаются в целях обеспечения охраны объектов историко-культурного наследия, признанных памятниками истории и культуры  и включенных в Список памятников истории и культуры (далее – объекты историко-культурного наследия).

2. Порядок определения охранной зоны
объекта историко-культурного наследия

      3. Границы охранной зоны объекта историко-культурного наследия утверждаются местными представительными органами областей (города республиканского значения, столицы) по представлению соответствующего местного исполнительного органа.
      4. Памятник градостроительства и архитектуры окружается охранной зоной равной величине расстояния от земли до его наиболее высокой точки, но не менее 20 метров.
      5. Памятник археологии окружается охранной зоной 50 метров от его границ, при группе памятников - от внешних границ крайних объектов. Для памятника археологии, которому должна быть обеспечена обозримость, радиус охранной зоны должен быть равен 200 метров от его центра.
      6. Охранная зона вокруг объекта историко-культурного наследия отмечается охранными знаками или распаханной полосой, или ограждениями, или кустарниковыми насаждениями по линии их границ.
      С четырех сторон объектов историко-культурного наследия устанавливаются охранные знаки, на которых указываются наименование объекта, площадь его охранной зоны.
      7. Охранная зона объекта историко-культурного наследия вносится в историко-архитектурный опорный план и карту-схему соответствующей местности, где фиксируется расположение памятников истории и культуры и вновь выявленных объектов историко-культурного наследия.

3. Порядок определения зоны регулирования
застройки и зоны охраняемого природного ландшафта объекта
историко-культурного наследия

      8. Границы зоны регулирования застройки и зоны охраняемого природного ландшафта объекта историко-культурного наследия утверждаются местными представительными органами областей (города республиканского значения, столицы) по представлению соответствующих местных исполнительных органов.
      9. Зона регулирования застройки объекта историко-культурного наследия устанавливается равной двум величинам охранной зоны. Зона регулирования застройки отмеряется от края охранной зоны.
      10. Величина зоны охраняемого природного ландшафта объекта историко-культурного наследия устанавливается равной величине зоны регулирования застройки. Зона охраняемого природного ландшафта отмеряется от края зоны регулирования застройки.
      11. Зона регулирования застройки и зона охраняемого природного ландшафта объекта историко-культурного наследия вносится в историко-архитектурный опорный план и карту-схему соответствующей местности, где фиксируется расположение памятников истории и культуры и вновь выявленных объектов историко-культурного наследия.

4. Режим использования охранной зоны, зоны регулирования
застройки и зоны охраняемого природного ландшафта объекта
историко-культурного наследия

      12. Охранная зона устанавливается:
      для обеспечения сохранности объекта историко-культурного наследия и прилегающей к его территории исторически сложившейся среды;
      для создания условий, способствующих выявлению исторической, научной, художественной или иной культурной ценности объекта историко-культурного наследия.
      На территории охранной зоны не производятся работы, которые оказывают вредное воздействие на сохранность объекта историко-культурного наследия, на его историко-культурное восприятие.
      13. Зона регулирования застройки устанавливается для сохранения пространственной, композиционной роли объектов историко-культурного наследия в исторически сложившейся системе застройки и планировки городов, населенного места, пейзажа, для обеспечения гармонического единства объекта историко-культурного наследия с современной градостроительной или природной средой.
      При разработке и утверждении проектов планировки, застройки и реконструкции городов и других населенных пунктов местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы) по согласованию с уполномоченным органом по охране и использованию объектов историко-культурного наследия обеспечивают выполнение мероприятий по выявлению, изучению, сохранению памятников истории и культуры всех категорий, составление историко-архитектурных опорных планов и карт-схем.
      14. Зона охраняемого природного ландшафта устанавливается для обеспечения сохранности естественных и искусственно созданных ландшафтов, садов, парков, имеющих историческую, архитектурно-художественную или иную культурную ценность.
      На территории зоны охраняемого природного ландшафта допускается деятельность, которая не вызывает изменение характера ландшафта, системы водоснабжения, растительности и других, предусмотренных режимом зоны, элементов.

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын және оларды пайдалану режимін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1218 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1218 қаулысымен
бекітілген

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және оларды пайдалану режимін белгілейді.
      2. Тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің (бұдан әрі – тарихи-мәдени мұра объектілері) қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.

2. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын айқындаудың тәртібі

      3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағының шекарасын тиісті жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
      4. Сәулет және қала құрылысы ескерткіші жерден оның ең биік нүктесіне дейінгі арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалады.
      5. Археологиялық ескерткіш оның шекарасынан, топталған ескерткіштерде – шеткі орналасқан объектінің сыртқы шекарасынан 50 метр болатын қорғау аймағымен қоршалады. Көзбен шолу қамтамасыз етілуге тиіс археология ескерткіші үшін қорғау аймағының радиусы оның ортасынан 200 метрге тең болуға тиіс.
      6. Тарихи-мәдени мұра объектісінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе жыртылған жермен немесе қоршаулармен не олардың шекара сызықтарының бойына бұталар отырғызу арқылы белгіленеді.
      Тарихи-мәдени мұра объектілерінің төрт жағынан объектінің атауы, оның қорғау аймағының ауданы көрсетілген қорғау белгілері орнатылады.
      7. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын айқындаудың тәртібі

      8. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
      9. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймақтарының көлеміне екі есе тең мөлшерде бекітіледі. Құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймағының шетінен бастап өлшенеді.
      10. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі құрылыс салуды реттеу аймағына тең мөлшерде белгіленеді. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы құрылыс салуды реттеу аймағының шетінен бастап өлшенеді.
      11. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

4. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын пайдалану режимі

      12. Қорғау аймағы:
      тарихи-мәдени мұра объектілері және оның аумағына жапсарлас тарихи қалыптасқан ортаның сақталуын қамтамасыз ету үшін;
      тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылықтарын анықтауға ықпал ететін жағдай жасау үшін белгіленеді.
      Қорғау аймағының аумағында тарихи-мәдени мұра объектісінің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмейді.
      13. Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің қалаларды, елді мекендерді, табиғат көріністерін жоспарлаудың және салудың тарихи қалыптасқан жүйесіндегі кеңістіктік, композициялық рөлін сақтау үшін, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қазіргі заманғы қала құрылысы немесе табиғи ортамен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
      Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi.
      14. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тарихи, сәулет-көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар табиғи және жасанды ландшафтардың, баулардың, саябақтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
      Қорғалатын табиғат ландшафт аймағының аумағында ландшафтың, сумен қамту жүйесінің, өсімдіктердің және басқа да аймақ режимінде көзделген элементтердің сипатын өзгертпейтін қызметке рұқсат етіледі.