Об утверждении заключения по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2013 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1704

      В соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое заключение по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» на 2013 год (далее - заключение).
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан до 30 декабря 2012 года направить заключение Российской Стороне по дипломатическим каналам.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      С. Ахметов

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 28 декабря 2012 года № 1704

Заключение
по планам запусков космических аппаратов и испытательных
пусков ракет с космодрома «Байконур» на 2013 год

      Сноска. Заключение с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 03.04.2013 № 323.

      В соответствии со статьей 4 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан согласовывает представленные Российской Стороной (исх. МИД Российской Федерации № 16658/3 дснг от 26 ноября 2012 года):
      1) План запусков космических аппаратов на 2013 год в рамках Федеральной космической программы России на 2006 — 2015 годы, федеральной целевой программы «Поддержание, развитие и использование системы ГЛОНАСС на 2012 - 2020 годы», программ международного сотрудничества и коммерческих проектов с космодрома «Байконур»;
      2) План запусков космических аппаратов военного назначения с космодрома «Байконур» на 2013 год;
      3) План испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» на 2013 год при условии проведения Российской Стороной предварительного облета населенных пунктов Республики Казахстан, над которыми проходит трасса полета ракеты PC-18, с участием представителей Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и других заинтересованных государственных органов Республики Казахстан.
      При этом:
      1) запуски космических аппаратов, предусматривающие использование нового района падения отделяющихся частей ракет-носителей типа «Союз», могут быть осуществлены после подписания и вступления в силу соответствующего международного договора;
      2) использование ракеты-носителя «Протон-М» для запусков космических аппаратов в 2013 году согласовывается в количестве не более четырнадцати (исходя из сохранения согласованного количества указанных пусков на уровне 2012 года) в реализацию Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о развитии сотрудничества по эффективному использованию комплекса «Байконур» от 9 января 2004 года в части поэтапного сокращения эксплуатации ракет-носителей, использующих высокотоксичные компоненты ракетного топлива.
      Разрешить в исключительном порядке один дополнительный пуск ракеты-носителя «Протон-М» с космическим аппаратом «СатМекс-8», который был согласован казахстанской стороной при рассмотрении планов запусков космических аппаратов с космодрома «Байконур» на 2012 год и планировался к запуску 27 декабря 2012 года, но по техническим причинам был перенесен на 2013 год.

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1704 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1704 каулысымен   
бекітілген     

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және
зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары
бойынша қорытынды

      Ескерту. Қорытындыға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.04.2013 № 323 қаулысымен.

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2012 жылғы 26 қарашадағы шығ. № 16658/3дснг):
      1) 2006 — 2015 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, «2012 - 2020 жылдарға арналған ГЛОНАСС жүйесін ұстау, дамыту және пайдалану» федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымактастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалары шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарымен;
      2) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарымен;
      3) Ресей тарапы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен РС-18 зымыранның ұшу трассасы өтетін Қазақстан Республикасының елді мекендерінің үстінен алдын ала ұшып шығуды өткізген жағдайда, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарымен келіседі.
      Бұл ретте:
      1) «Союз» үлгісіндегі зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөлшектерінің жаңа құлау ауданын пайдалануды көздейтін ғарыш аппараттарын ұшыру тиісті халықаралық шартқа қол қойылып, ол күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін;
      2) 2013 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Протон-М» зымыран-тасығышын пайдалану 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді зымыран отынының аса уытты құрамдас бөліктерін пайдаланатын зымыран-тасығыштарды пайдалануын кезең-кезеңмен қысқарту бөлігінде іске асыру үшін он төрттен аспайтын мөлшерде (2012 жылдың деңгейінде көрсетілген ұшырудың келісілген мөлшерінің сақталуына сүйене отырып) келісіледі.
      Қазақстан тарапымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2012 жылға арналған жоспарын қарау кезінде келісілген және 2012 жылғы 27 желтоқсанда ұшыру жоспарланған, бірақ техникалық себептер бойынша 2013 жылға ауыстырылған «СатМекс-8» ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран-тасығышын қосымша бір рет ұшыруға айрықша тәртіппен рұқсат етілсін.