О некоторых вопросах акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2013 года № 206

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года «О Фонде национального благосостояния», пунктом 6 статьи 17-2 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 36 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» и протоколом заседания Совета по экономической политике № 1 от 21 февраля 2013 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» (далее - фонд) в установленном законодательством порядке стать акционером акционерных обществ «Накопительный пенсионный фонд «Народный банк», «Накопительный пенсионный фонд ГРАНТУМ» и «Накопительный пенсионный фонд «Ұлар Үміт» путем приобретения их акций у акционерных обществ «Народный Банк Казахстана», «Казкоммерцбанк» и «БТА Банк», в том числе за счет реализации принадлежащих фонду акций акционерных обществ «Казкоммерцбанк» и «БТА Банк».
      2. Рекомендовать фонду в установленном законодательством порядке, в соответствии с подписанными документами по реструктуризации, в целях реализации до 31 декабря 2013 года принадлежащих фонду акций акционерных обществ «БТА Банк», «Альянс Банк» и «Темірбанк»:
      1) предложить акционерному обществу «Народный банк Казахстана» приобрести оставшийся после выполнения мероприятий, предусмотренных пунктом 1 настоящего постановления, пакет акций акционерного общества «БТА Банк»;
      2) принять меры по отчуждению акций акционерных обществ «Альянс Банк» и «Темірбанк» единому стратегическому инвестору, в случае отказа акционеров указанных банков от преимущественного права покупки реализуемых акций.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 206 қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына және Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысының 2013 жылғы 21 ақпандағы № 1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қор) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Халық Банкі», «Қазкоммерцбанк» және «БТА Банк» акционерлік қоғамдарынан акциялар сатып алу арқылы, оның ішінде «Қазкоммерцбанк» және «БТА Банк» акционерлік қоғамдарының қорға тиесілі акцияларын өткізу есебінен «Халық банкінің» жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акционері болуға рұқсат берілсін.
      2. Қорға заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құрылымдау бойынша қол қойылған құжаттарға сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін «БТА Банк», «Альянс Банк» және «Темірбанк» акционерлік қоғамдарының қорға тиесілі акцияларын өткізу мақсатында:
      1) «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына «БТА Банк» акционерлік қоғамының осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін қалған акциялар пакетін сатып алу ұсынылсын;
      2) «Альянс Банк» және «Темірбанк» акционерлік қоғамдарының акцияларын бірыңғай стратегиялық инвесторға, өткізілетін акцияларын сатып алудың басым құқығынан көрсетілген банктер акционерлері бас тартқан жағдайда, иеліктен шығару жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов