Об утверждении методики расчетов премии государства по образовательному накопительному вкладу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2013 года № 284.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 14 января 2013 года "О Государственной образовательной накопительной системе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую методику расчетов премии государства по образовательному накопительному вкладу.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 27 марта 2013 года № 284

Методика расчетов премии государства по образовательному
накопительному вкладу
1. Общие положения

      1. Настоящая методика расчета премии государства по образовательному накопительному вкладу (далее – методика) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан от 14 января 2013 года "О Государственной образовательной накопительной системе" (далее – Закон) и применяется для определения сумм ежегодных премий государства по образовательным накопительным вкладам, выплачиваемых за счет средств республиканского бюджета (далее – бюджет), а также определения сумм премий государства по образовательным накопительным вкладам, подлежащих возврату в бюджет.

2. Определение премии государства по образовательному
накопительному вкладу

      2. Премия государства по образовательному накопительному вкладу (далее – премия государства) рассчитывается, исходя из суммы фактически накопленного остатка образовательного накопительного вклада по состоянию на 1 января (далее – сумма вклада), при минимальном сроке накопления один год согласно следующей формуле:

      ПГ = СВ / 100 x ВП

      где:

      ПГ – премия государства;

      СВ – сумма вклада;

      ВП – величина процента премии государства (7 – для вкладчиков, отнесенных к приоритетной категории в соответствии с пунктом 2 статьи 13 Закона, или 5 – для остальных категорий вкладчиков).

      3. В случае изменения статуса вкладчика, отнесенного к приоритетной категории, премия государства рассчитывается согласно следующей формуле:

      ПГ = (СВ / 100 х 7 / 12 х П) + (СВ / 100 х 5 / 12 х (12 – П))

      где:

      ПГ – премия государства;

      СВ – сумма вклада;

      П – период, в течение которого вкладчик относился к приоритетной категории (в месяцах).

      4. В случае превышения премии государства стократного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете (далее – МРП), начисляется стократный размер МРП.

      5. Премия государства присоединяется к основной сумме вклада (капитализируется).

3. Определение премии государства, подлежащей
возврату в бюджет в случае утраты вкладчиком
гражданства Республики Казахстан

      6. В случае утраты вкладчиком гражданства Республики Казахстан:

      1) оператор с момента получения сведений о данном обстоятельстве в течение 3 (трех) рабочих дней уведомляет об этом банк-участник и запрашивает следующую информацию по вкладу:

      общая сумма взносов по вкладу;

      общая сумма вознаграждения банка по вкладу;

      общая сумма, направленная на оплату образовательных услуг;

      фактически накопленный остаток по вкладу;

      2) банк-участник с момента получения уведомления оператора в течение 3 (трех) рабочих дней представляет необходимую информацию;

      3) оператор с момента получения информации в течение 3 (трех) рабочих дней направляет справку-выписку в банк-участник о размере премии государства, подлежащей возврату в бюджет и рассчитываемой согласно пунктам 7 или 8 настоящей методики.

      7. В случае использования части вклада на оплату образовательных услуг на момент утраты вкладчиком гражданства Республики Казахстан, премия государства, возвращаемая в бюджет, рассчитывается по следующей формуле:

      ПГВБ = ФНВ x ОСПГ / (ОСПГ + ОСВ + ОСВБ)

      где:

      ПГВБ – премия государства, возвращаемая в бюджет;

      ФНВ – фактически накопленный остаток по вкладу;

      ОСПГ – общая сумма премии государства, начисленной с момента открытия вклада;

      ОСВ – общая сумма взносов по вкладу;

      ОСВБ – общая сумма вознаграждения банка по вкладу.

      8. В случае неиспользования вклада на оплату образовательных услуг на момент утраты вкладчиком гражданства Республики Казахстан, премия государства, начисленная с момента открытия вклада, возвращается в полном объеме.

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысы.

      "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 284 қаулысымен
бекітілген

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын
есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және республикалық бюджет (бұдан әрі – бюджет) қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ бюджетке қайтаруға жататын білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.

2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын
айқындау

      2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) жинақтаудың ең аз мерзімі бір жыл болған кезде, 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығының сомасына қарай (бұдан әрі – салым сомасы) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      МС = СС / 100 х СМ

      мұнда:

      МС – мемлекет сыйлықақысы;

      СС – салым сомасы;

      СМ – мемлекет сыйлықақысы пайызының мөлшері (7 – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес басым санатқа жатқызылған салымшылар үшін немесе 5 – қалған санаттағы салымшылар үшін).

      3. Басым санатқа жатқызылған салымшының мәртебесі өзгерген жағдайда мемлекет сыйлықақысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      МС = (СС / 100 х 7 / 12 х К) + (СС / 100 х 5 / 12 х (12 – К))

      мұнда:

      МС – мемлекет сыйлықақысы;

      СС – салым сомасы;

      К – салымшының басым санатқа жатқызылған кезеңі (айлар).

      4. Мемлекет сыйлықақысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) жүз еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда АЕК-тің бір жүзге еселенген мөлшері есептеледі.

      5. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

3. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан
жағдайда бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысын
айқындау

      6. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда:

      1) оператор аталған жағдай туралы мәліметтер алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл жөнінде қатысушы банкке хабарлайды және салым бойынша төменде көрсетілген ақпаратты сұратады:

      салым бойынша жарнаның жалпы сомасы;

      салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы;

      білім беру қызметтерін төлеуге жіберілген жалпы сома;

      салым бойынша нақты жинақталған қалдық;

      2) қатысушы банк оператордан хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады;

      3) оператор ақпаратты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын және осы әдістеменің 7 немесе 8-тармақтарына сәйкес есептелетін мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені жолдайды.

      7. Салымшы Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан сәтте салымның бөлігі білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге пайдаланылған жағдайда, бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:

      БҚМС = НЖС х МСЖС / (МСЖС + ЖЖС + БСЖС)

      мұнда:

      БҚМС – бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлықақысы;

      НЖС – салым бойынша нақты жинақталған қалдық;

      МСЖС – салым ашылған кезден бастап есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы;

      ЖЖС – салым бойынша жарналардың жалпы сомасы;

      БСЖС – салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы.

      8. Салымшы Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан сәтте салым білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге пайдаланылмаған жағдайда, салым ашылған сәттен бастап есептелген мемлекет сыйлықақысы толық көлемде қайтарылады.