О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1704 "Об утверждении заключения по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2013 год"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года № 323

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1704 «Об утверждении заключения по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» на 2013 год» следующее изменение:
      в заключении по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома «Байконур» на 2013 год (далее – заключение), утвержденном указанным постановлением:
      подпункт 2) части второй изложить в следующей редакции:
      «2) использование ракеты-носителя «Протон-М» для запусков космических аппаратов в 2013 году согласовывается в количестве не более четырнадцати (исходя из сохранения согласованного количества указанных пусков на уровне 2012 года) в реализацию Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о развитии сотрудничества по эффективному использованию комплекса «Байконур» от 9 января 2004 года в части поэтапного сокращения эксплуатации ракет-носителей, использующих высокотоксичные компоненты ракетного топлива.
      Разрешить в исключительном порядке один дополнительный пуск ракеты-носителя «Протон-М» с космическим аппаратом «СатМекс-8», который был согласован казахстанской стороной при рассмотрении планов запусков космических аппаратов с космодрома «Байконур» на 2012 год и планировался к запуску 27 декабря 2012 года, но по техническим причинам был перенесен на 2013 год.».
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан проинформировать Российскую Федерацию по дипломатическим каналам о внесении изменения в заключение.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1704 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 323 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1704 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда (бұдан әрі – қорытынды):
      екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2013 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Протон-М» зымыран-тасығышын пайдалану 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді зымыран отынының аса уытты құрамдас бөліктерін пайдаланатын зымыран-тасығыштарды пайдалануын кезең-кезеңмен қысқарту бөлігінде іске асыру үшін он төрттен аспайтын мөлшерде (2012 жылдың деңгейінде көрсетілген ұшырудың келісілген мөлшерінің сақталуына сүйене отырып) келісіледі.
      Қазақстан тарапымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2012 жылға арналған жоспарын қарау кезінде келісілген және 2012 жылғы 27 желтоқсанда ұшыру жоспарланған, бірақ техникалық себептер бойынша 2013 жылға ауыстырылған «СатМекс-8» ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран-тасығышын қосымша бір рет ұшыруға айрықша тәртіппен рұқсат етілсін.».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қорытындыға өзгеріс енгізу туралы дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясын хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов