О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 "Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2014 года № 225. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2020 года № 72

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.02.2020 № 72.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 "Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 74, ст. 1075) следующие изменения:

      1) в Правилах формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Фиксированная цена на продовольственный товар для проведения закупочных интервенций устанавливается решением Комиссии на уровне рыночной.

      При формировании стабилизационного фонда закуп продовольственных товаров в целях исключения посредников осуществляется в приоритетном порядке у отечественных товаропроизводителей.";

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Реализация продовольственных товаров стабилизационного фонда для товарных интервенций, освежения продовольственных товаров осуществляется специализированной организацией через собственные точки сбыта и (или) торговые сети, с которыми предварительно были заключены договоры о реализации с оговоренной торговой надбавкой, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров.

      При этом цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не должна превышать его предельно допустимой розничной цены и должна быть оговорена в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием.";

      2) в приложении к указанным Правилам:

      в разделе 4. "Обязательства сторон":

      в пункте 2:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) в целях исключения посредников в приоритетном порядке осуществлять закуп продовольственных товаров у отечественных товаропроизводителей;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) реализовывать продовольственные товары стабилизационного фонда через собственные точки сбыта и (или) торговые сети, с которыми предварительно был заключен договор о реализации с оговоренной торговой надбавкой, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров.

      При этом цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не должна превышать его предельно допустимой розничной цены и должна быть оговорена в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


"Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 225 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сатып алу интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлік тауарларына бекітілген баға Комиссия шешімімен нарықтық баға деңгейінде белгіленеді.

      Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде делдалдарды болдырмау мақсатында азық-түлік тауарларын сатып алу отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен жүзеге асырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін сатуды мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарттар жасасқан сауда желілері арқылы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына сатуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс.";

      2) көрсетілген Қағидалардың қосымшасында:

      "Тараптардың міндеттері" деген 4-бөлімде:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) делдалдарды болдырмау мақсатында азық-түлік тауарларын отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен сатып алуды жүзеге асыруға;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын өзінің сауда нүктелері арқылы және/немесе келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері арқылы өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуге.

      Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов