О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 1001. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1111 "Вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 40, ст. 522) следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве образования и науки Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 2 исключить;

      в пункте 16:

      в функциях центрального аппарата:

      дополнить подпунктами 5-1), 5-2), 5-3) и 5-4) следующего содержания:

      "5-1) организация информационного и научного обеспечения деятельности по реализации государственной молодежной политики;

      5-2) выработка предложений по формированию государственной молодежной политики;

      5-3) осуществление анализа и прогнозирования тенденций в реализации государственной молодежной политики;

      5-4) оказание организациям системы образования и воспитания необходимой консультативной помощи в сфере государственной молодежной политики;";

      подпункт 72) исключить;

      дополнить подпунктами 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130) и 131) следующего содержания:

      "124) определение порядка разработки государственных общеобязательных стандартов образования;

      125) определение видов и форм документов об образовании государственного образца и порядок их выдачи;

      126) установление порядка осуществления образовательного мониторинга;

      127) утверждение правил государственного учета научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению;

      128) утверждение порядка организации и проведения научных исследований и опытно-конструкторских работ на основе государственно-частного партнерства;

      129) утверждение правил организации питания в организациях среднего образования;

      130) разработка и утверждение стандартов и регламентов государственных услуг;

      131) оказание государственных услуг.";

      в функциях ведомства:

      подпункт 46) изложить в следующей редакции:

      "46) утверждение нормативных правовых актов по вопросам, входящим в компетенцию ведомства, и при наличии прямой компетенции по их утверждению в актах министерства, за исключением нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы человека и гражданина;";

      подпункты 62), 63), 64), 65), 66) и 70) исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать второго и двадцать третьего пункта 1, которые вводятся в действие со дня введения в действие Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления".

Премьер-Министр

Республики Казахстан      К. Масимов


"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі № 1001 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

      5-2) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      5-3) мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үрдістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      5-4) білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;";

      72) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130) және 131) тармақшалармен толықтырылсын:

      "124) білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындау;

      125) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындау;

      126) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      127) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;

      128) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

      129) орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      130) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;

      131) мемлекеттік қызмет көрсету";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:

      "46) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;";

      62), 63), 64), 65), 66) және 70) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов