О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2015 года № 844. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2017 года № 15 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.01.2017 № 15 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45 "Об утверждении Правил установления квоты на привлечение иностранной рабочей силы в Республику Казахстан, Правил и условий выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы и о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 23, ст. 323) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах и условиях выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы, утвержденных указанным постановлением:

      в части первой пункта 5:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) являющихся гражданами государств-участников Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года;";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В случае представления в неполном объеме и (или) незаполнения по установленной форме документов, предусмотренных пунктами 10, 16, 34, 36, 41, 45, 49 настоящих Правил, уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня их поступления отказывает в выдаче, продлении срока разрешения и возвращает документы работодателю с указанием не представленных и (или) не заполненных по установленной форме документов.";

      абзац второй части первой пункта 16 исключить;

      в пункте 18:

      подпункт 1) дополнить абзацем четвертым следующего содержания:

      "работающих первыми руководителями и их заместителями;";

      абзац третий подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "участвующих в реализации проектов, включенных в перечень Карты индустриализации Казахстана на 2015–2019 годы, включая подрядчиков, выполняющих работы по пуску, наладке и монтажу технологического оборудования;";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. В состав Комиссии в обязательном порядке включаются представители органов внутренних дел, органа в области образования и местного органа по инспекции труда.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Выданное уполномоченным органом разрешение не подлежит передаче другим работодателям, действует только на территории соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением направления работодателем иностранных работников, на которых получены разрешения, в командировку на предприятия, организации, находящиеся на территории других административно-территориальных единиц, на срок, который не превышает суммарно девяносто календарных дней в течение одного календарного года.

      При направлении в командировку иностранных работников работодатель письменно уведомляет органы внутренних дел по месту регистрации и месту прибытия иностранных работников на территорию соответствующей административно-территориальной единицы.";

      пункты 30, 31, 32 и 33 исключить;

      подпункт 5) пункта 36 исключить;

      подпункт 4) пункта 40 изложить в следующей редакции:

      "4) в случаях, предусмотренных пунктом 34 настоящих Правил;";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. Для получения или продления разрешения на трудоустройство иностранный работник либо уполномоченное им лицо представляет в уполномоченный орган по месту осуществления трудовой деятельности заявление согласно приложению 10 к настоящим Правилам с приложением документов согласно приложению 11 к настоящим Правилам.";

      пункт 56 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "3) несоответствия уровня образования (профессиональной подготовки) и опыта (стажа) практической работы иностранного работника квалификационным требованиям, предъявляемым к профессиям рабочих и должностям руководителей, специалистов и служащих, в соответствии с Единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий рабочих и Квалификационным справочником руководителей, специалистов и других служащих.";

      пункт 61 изложить в следующей редакции:

      "61. Внесение гарантийного взноса осуществляется в порядке, установленном уполномоченным органом по труду.";

      пункты 63 и 65 изложить в следующей редакции:

      "63. Уполномоченным органом по труду на своем официальном интернет-ресурсе размещается перечень юридических и физических лиц, допустивших нарушения настоящих Правил.

      Уполномоченные органы ежеквартально не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, направляют перечень указанных юридических и физических лиц в уполномоченный орган по труду для размещения на официальном интернет-ресурсе государственного органа.";

      "65. Переоформление ранее выданного разрешения на трудоустройство и привлечение иностранной рабочей силы допускается в случае изменения фамилии, имени, отчества, номера и серии документа, удостоверяющего личность иностранного работника.

      Иностранный работник или работодатель в течение десяти календарных дней с даты изменения фамилии, имени, отчества, номера и серии документа, удостоверяющего личность иностранного работника, подает заявление в уполномоченный орган о переоформлении разрешения, с приложением копий документов, подтверждающих указанные сведения.

      Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней с даты подачи заявления переоформляет разрешение с присвоением нового номера.";

      пункт 67 изложить в следующей редакции:

      "67. Работодатели, получившие разрешения на привлечение иностранной рабочей силы или у которых работают иностранные работники, получившие разрешение на трудоустройство:

      1) предоставляют ведомственную статистическую отчетность в уполномоченный орган в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      2) в трудовые договора, заключаемые с иностранными работниками, включают условия, направленные на соблюдение миграционного и трудового законодательства Республики Казахстан.";

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      дополнить строками, порядковые номера 1-1, 25-1 и 31, следующего содержания:

      "

1-1.

Администратор баз данных (информационных)


      ";

      "

25-1.

Системный аналитик


       ";

      "

31.

Специалист по созданию цифровой техники


       ";

      в приложении 7 к указанным Правилам:

      пункт 7 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. МАСИМОВ


"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 844 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.01.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:

      5-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 10, 16, 34, 36, 41, 45 және 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден, оның мерзімін ұзартудан бас тартады және берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушiге қайтарады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;

      18-тармақта:

      1) тармақшаның үшінші абзацындағы "болып табылатын адамдарға;" деген сөздер "болып табылатын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға;";

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Комиссияның құрамына міндетті түрде ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері енгізіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

      Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің тіркелген жеріндегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жеріндегі ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.";

      30, 31, 32 және 33-тармақтар алып тасталсын;

      36-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      40 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген;";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Шетелдік қызметкер не ол уәкілеттік берген адам жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін еңбек қызметін жүзеге асыратын жеріндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтініш береді.";

      56-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) шетелдік қызметкердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсіптеріне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда берілмейді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Кепілдік жарнаны енгізу еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      63 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында осы Қағидаларды бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін орналастырады.

      Уәкілетті органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей еңбек жөніндегі уәкілетті органға көрсетілген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.";

      "65. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда, бұрын берілген жұмысқа орналасуға және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.

      Шетелдік қызметкер немесе жұмыс беруші шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар алған жұмыс берушілер немесе жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алған шетелдік қызметкерлер жұмыс iстейтiн жұмыс берушілер:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;

      2) шетелдік қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарында Қазақстан Республикасының көші-қон және еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған талаптарды енгізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 25-1 және 31-жолдармен толықтырылсын:

      "

1-1.

Деректер қорының (ақпараттық) әкімшісі


       ";

      "

25-1.

Жүйелік талдаушы


       ";

      "

31.

Цифрлық техниканы жасау жөніндегі маман


       ".

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

      7-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов