Об утверждении Плана мероприятий на 2018 год по реализации Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 930

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858 "О Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий на 2018 год по реализации Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года (далее – План мероприятий).

      2. Первым руководителям центральных и местных исполнительных органов, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан (по согласованию):

      1) принять меры по выполнению Плана мероприятий;

      2) представить не позднее 1 июля и 20 декабря 2018 года информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Министерству юстиции Республики Казахстан представить не позднее 10 июля и 31 декабря 2018 года сводную информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.

      4. Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан не позднее 20 июля 2018 года и 10 января 2019 года представить сводную информацию о ходе выполнения Плана мероприятий в Администрацию Президента Республики Казахстан.

      5. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Министерство юстиции Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2017 года № 930

План мероприятий на 2018 год по реализации Концепции
правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года

№ п/п

Мероприятия

Форма завершения

Ответственные за исполнение

Срок исполнения

1

2

3

4

5

1

Выработка научно-обоснованных правовых подходов к определению понятия "неприкосновенность частной жизни"

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

ГП (по согласованию), КНБ (по согласованию), МВД, СВР "Сырбар" (по согласованию), СГО (по согласованию), АДГСПК (по согласованию), ВС (по согласованию), МЮ

1-квартал

2

Проработка вопроса по решению проблемы неравномерности обеспечения адвокатскими услугами в городской и сельской местности

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

МЮ

2- квартал

3

Проработка вопроса по улучшению системы оказания правовой помощи лицам с низким уровнем доходов

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

МЮ

2-квартал

4

Проработка комплекса вопросов по убыткам, в том числе установлению порядка определения реального ущерба и упущенной выгоды

рассмотрение предложений на заседании МВК

МЮ, заинтересованные государственные органы

2-квартал

5

Проработка вопроса целесообразности фиксации в Гражданском кодексе всего спектра ценных бумаг, участвующих в гражданском обороте

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

НБ (по согласованию), заинтересованные государственные органы

3-квартал

6

Разработка и внесение на рассмотрение Парламента Республики Казахстан проекта Административного процедурно- процессуального кодекса

проект кодекса Республики Казахстан

МЮ, ВС (по согласованию)

3- квартал

7

Проработка вопросов соотношения публично-правовых и частноправовых методов регулирования общественных отношений

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

МЮ, заинтересованные государственные органы

4-квартал

8

Проработка комплекса вопросов, касающихся акционерных обществ, в том числе:
- статуса акционерных обществ с учетом их правовой природы, в контексте так называемых "публичных корпораций";
- возможности использования организационно-правовой формы акционерного общества в качестве некоммерческой организации

рассмотрение предложений на заседании МВК

МЮ, заинтересованные государственные органы

4-квартал

9

Разработка и обеспечение утверждения Плана мероприятий на 2019 год по реализации Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года

постановление Правительства Республики Казахстан

МЮ, заинтересованные государственные органы

4-квартал

10

Обеспечение максимальной прозрачности и широкого обсуждения принимаемых законопроектов, а также информирования о планируемых законодательных инициативах

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

МЮ, центральные и местные государственные органы

в течение года

11

Проведение на постоянной основе мероприятий по правовому просвещению и повышению правовой культуры граждан

информация в Администрацию Президента Республики Казахстан

МЮ, центральные и местные государственные органы

в течение года

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МЮ – Министерство юстиции Республики Казахстан

      ВС – Верховный Суд Республики Казахстан

      ГП – Генеральная прокуратура Республики Казахстан

      АДГСПК - Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

      КНБ - Комитет национальной безопасности Республики Казахстан

      СГО – Служба государственной охраны Республики Казахстан

      СВР "Сырбар" - Служба внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"

      НБ- Национальный Банк Республики Казахстан

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан

      МВК – Межведомственная комиссия по вопросам законопроектной деятельности

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 930 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары:

      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі шараларды қабылдасын;

      2) 2018 жылғы 1 шілдеден және 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi 2018 жылғы 10 шілдеден және 31 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі 2018 жылғы 20 шілдеден және 2019 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.    

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 930 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с №
 

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

"Жеке өмірге қол сұғылмау" ұғымының анықтамасына ғылыми-негізделген құқықтық тәсілдерді тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БП
(келісім бойынша), ҰҚК
(келісім бойынша), ІІМ,
"Сырбар" СБҚ
(келісім бойынша), МКҚ
(келісім бойынша),
МҚІСҚА
(келісім бойынша),
ЖС
(келісім бойынша), Әділетмині

1-тоқсан

2

Қалалық және ауылдық жерлерде адвокаттық қызмет көрсетудің біркелкі қамтылмау проблемасын шешуді пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

2-тоқсан

3

Табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

2-тоқсан

4

Шығындар, соның ішінде айырылып қалған пайда мен нақты зиянды анықтау тәртібін белгілеу бойынша мәселелер кешенін пысықтау
 

ұсынысты ВАК отырысында қарау

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

5

Азаматтық айналымға қатысушы бағалы қағаздардың барлық спектрін Азаматтық кодексте тіркеудің орындылығы мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ
(келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

6

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы кодексінің жобасы

Әділетмині,
ЖС
(келісім бойынша)

3-тоқсан

7

Қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеқұқықтық әдістерінің арақатынасы мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

8

Акционерлік қоғамдарға қатысты кешенді мәселелерді пысықтау, оның ішінде:
- "жария корпорациялар" деп аталатындармен байланысты акционерлік қоғамдардың құқықтық табиғаты ескерілген мәртебесі;
- акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын коммерциялық емес ұйым ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы

ұсынысты ВАК отырысында қарау

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

9

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекітілуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

10

Қабылданатын заң жобаларының барынша ашықтығын және кең талқылауды, сондай-ақ жоспарланған заңнамалық бастамалар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы

11

Азаматтардың құқықтық сауаттандыру және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      "Сырбар" СБҚ – Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ВАК – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия