О некоторых вопросах централизации процедуры согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № 770. Срок действия постановления - до 1 января 2021 года.

      Примечание ИЗПИ!
      Срок действия постановления - до 01.01.2021 (п.4 приказа).
      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 10.11.2020.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить, что с 10 ноября по 31 декабря 2020 года включительно вводится пилотный проект по осуществлению Министерством юстиции Республики Казахстан согласования проектов и государственной регистрации нормативных правовых актов местных органов государственного управления для города Нур-Султана и Карагандинской области (далее – пилотные органы).

      2. Приостановить до 1 января 2021 года действие:

      1) части первой пункта 37 Правил оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568 (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 49, ст. 313), установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "37. Дата и номер государственной регистрации в ИПГО присваиваются нормативному правовому акту в электронном виде при принятии решения о государственной регистрации такого акта для центральных органов, а также для нормативных правовых актов местных органов города Нур-Султана и Карагандинской области, не имеющих пометки "Для служебного пользования", Министром юстиции Республики Казахстан или его заместителем (вице-министром), для остальных местных органов – руководителем территориального органа юстиции либо лицом, исполняющим его обязанности, и отражаются в электронной регистрационной контрольной карточке.";

      2) пункта 40 Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 569 (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 50, ст. 316), установив, что в период приостановления данный пункт действует в следующей редакции:

      "40. Разработанные проекты нормативных правовых актов, подлежащие государственной регистрации в органах юстиции, на основании статьи 44 Закона "О правовых актах" подлежат обязательному согласованию с органами юстиции до направления их на государственную регистрацию.

      Проекты нормативных правовых актов центральных государственных органов-разработчиков, а также местных органов города Нур-Султана и Карагандинской области, не имеющих пометки "Для служебного пользования", направляются на обязательное согласование в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      Проекты нормативных правовых актов остальных местных государственных органов-разработчиков направляются на обязательное согласование в территориальные органы юстиции.".

      3. Министерству юстиции Республики Казахстан совместно с пилотными органами принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 10 ноября 2020 года, действует до 1 января 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімін орталықтандырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 770 қаулысы. 01.01.2021 дейін қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2021 дейін қолданыста болды (4-тармақтан қараңыз)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылғы 10 қарашадан бастап 31 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының (бұдан әрі – пилоттық органдар) нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісуді және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруы жөніндегі пилоттық жоба енгізіледі деп белгіленсін.

      2. Мыналардың қолданылуы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313 құжат) бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары 37-тармағының бірінші бөлігі, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "37. Нормативтік құқықтық актіні орталық органдар, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының жергілікті органдарының "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі жоқ нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), қалған жергілікті органдар үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі МО ИП-та электронды түрде беріледі және электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі.";

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат) бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының 40-тармағы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "40. "Құқықтық актілер туралы" Заңның 44-бабының негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін олар әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

      Орталық әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті органдарының "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі жоқ нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне міндетті түрде келісуге жіберіледі.

      Қалған жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.".

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі пилоттық органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин