Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитеттiң қызметiн тексерудiң нәтижесi бойынша
Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы ұсынған материалдарды
қарай келiп және қаржы мен материалдық ресурстардың пайдаланылуын
ретке келтiру мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитетiне өнiм берушiлер тауармен қамтамасыз ете алмаған
қаржы қаражатын шартта айтылған айыппұл санкцияларын көрсете отырып
өтеу жөнiнде шұғыл шаралар қолдану мiндеттелсiн.
Мұнан былай кәсiпорындар мен ұйымдардың материалдық ресурстарды
уақтылы беру жөнiндегi мүмкiндiктерi тереңiрек зерделенетiн болсын,
негiзiнен делдалдарды аттап өтiп, оларға тiкелей шығу жүзеге
асырылсын, жасалған шарттың қағидаларын қатаң сақтауға қол
жеткiзiлсiн, кiнәлiлерге экономикалық әрi сот тұрғысынан ықпал етудiң
заңда белгiленген шаралары толығырақ пайдаланылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика
министрлiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитеттiң тауар-материал игiлiктерiнiң қозғалысының
есептелуiне және қаржы есебiне жан-жақты талдау жасасын, мемлекеттiк
және жұмылдыру резервтерiн толықтыруға жол берiлмесiн, олардың
мақсаткерлiкпен пайдаланылуы қатаң қадағалансын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен,
Қаржы министрлiгiмен, басқада мүдделi министрлiктермен және
ведомстволармен бiрлесiп, екi ай мерзiмде комитет, мемлекеттiк және
жұмылдыру резервтерi туралы Ереженi, сондай-ақ Мемлекеттiк және
жұмылдыру резервтерiнiң тауарлары мен материалдары үшiн есеп
айырысудың тәртiбi туралы Нұсқауды жетiлдiру жөнiндегi мәселелердi
пысықтайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитеттiң төрағасы Ғ.М.Мырзағалиевтiң жұмысы жөнiндегi
оның зейнеткерлiкке кетуiне байланысты талқылаумен шектелсiн.
Әшкереленген тәртiп бұзушылығы үшiн Ғ.М.Мырзағалиевтiң жауапкершiлiк
мәселесiн құқық қорғау органдары заңда белгiленген тәртiппен шешетiн
болсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Экономикалық жинақтау бөлiмiне
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi