Отдельные вопросы подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 1998 года № 1156

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 18 сентября 1998 года № 4075 "О дальнейших мерах по совершенствованию подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить Академию государственной службы при Президенте Республики Казахстан (далее - Академия) правопреемником прав и обязанностей реорганизованных Национальной Высшей Школы государственного управления при Президенте Республики Казахстан и Института переподготовки и повышения квалификации государственных служащих при Правительстве Республики Казахстан.
 
      2. Департаменту государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке передать Академии имущество реорганизованных организаций, указанных в пункте 1 настоящего постановления.
 
      3. Установить размер месячной стипендии слушателям Академии, направленным на обучение из государственных органов и организаций, на уровне должностного оклада по последнему месту работы, но не ниже размера стипендии, установленного для аспирантов государственных высших учебных заведений, обучающихся с отрывом от производства.
 
      4. Приравнять должность руководителя Академии по условиям материально-бытового и медицинского обеспечения, транспортного обслуживания к должности руководителя центрального исполнительного органа, а должности заместителей руководителя Академии - к должностям заместителей руководителей центральных исполнительных органов.
      4-1. Установить, что должностные оклады (ставки) профессорско-преподавательского состава, руководящих работников Академии (ректор, вице-ректоры, руководители подразделений и их заместители) определяются с применением повышающих коэффициентов от 1,5 до 2,5 в пределах утвержденного фонда оплаты труда Академии.
      Конкретный размер повышающего коэффициента к должностному окладу устанавливается дифференцированно в зависимости от категории должностей и в порядке, утверждаемом ректором Академии.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 4-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 31.12.2010 № 1493 (вводится в действие с 01.01.2011).
       
 
      5. Установить Академии лимит служебных автомобилей в количестве 6 единиц, в том числе 4 легковых автомобиля и 2 микроавтобуса.
 
      6. Признать утратившим силу:
      постановление Правительства Республики Казахстан от 10 января 1996 года № 49 P960049_ "О преобразовании Республиканского межотраслевого института повышения квалификации руководящих работников и специалистов при Министерстве экономики Республики Казахстан в Институт переподготовки и повышения квалификации государственных служащих при Правительстве Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 14);
      постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 1996 года

 

№ 393 


P960393_
 

  "Вопросы Института переподготовки и повышения квалификации

государственных служащих при Правительстве Республики Казахстан"

(САПП Республики Казахстан, 1996г., № 14, ст. 114);

     постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 января

1995 года № 35 


P950035_
 

  "О Национальной Высшей Школе государственного

управления" (САПП Республики Казахстан, 1995г., № 2, ст. 19).


     7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.




     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



    (Оператор:      А.Е. Турсынова

     Специалист:    Э.А. Жакупова) 





Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы N 1156 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4075 U984075_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының құқықтары мен міндеттерінің құқылық иегері болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен Академияға, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қайта ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкін беретін болсын.
      3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оқуға жіберілген Академия тыңдаушыларының айлық стипендиясының мөлшері соңғы жұмыс орнындағы қызметтік жалақысының деңгейінде, алайда мемлекеттік жоғары оқу орындарының өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттары үшін белгіленген стипендияның мөлшерінен кем болмайтын етіп белгіленсін.
      4. Академия басшысының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсету шарттары бойынша орталық атқарушы орган басшысының лауазымына, ал Академия басшысы орынбасарларының лауазымы - орталық атқарушы органдар басшылары орынбасарларының лауазымына теңестірілсін.
      4-1. Академияның профессор-оқытушылар құрамының, басшы қызметкерлерінің (ректор, вице-ректорлар, бөлімшелердің жетекшілері мен олардың орынбасарлары) лауазымдық жалақылары (ставкалары) Академияның бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде 1,5-тен бастап 2,5-ке дейін арттыру коэффициенттерін қолдану арқылы айқындалады деп белгіленсін.
      Лауазымдық жалақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазымдар санатына қарай сараланып және Академия ректоры бекітетін тәртіппен белгіленеді.
      Ескерту. Қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1493 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Академияға 6 қызметтік автомобиль лимиті, оның ішінде 4-і жеңіл автомобиль және 2-і шағын автобус болып белгіленсін.
      6. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін көтеру салааралық институтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтына айналдыру туралы" 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, N 2, 14-құжат);
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру институтының мәселелері" туралы 1996 жылғы 8 сәуірдегі N 393 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 жыл, N 14, 114-құжат);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі туралы" 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, N 2, 19-құжат).
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі