"О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года N 1749 и от 20 июля 2004 года N 775"

Комментарий к постановлению Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2004 года N 1059

      В целях упорядочения процесса исчисления времени Правительством принято постановление  N 1059 "О внесении изменений в постановления Правительства РК от 23 ноября 2000 года N 1749 и от 20 июля 2004 года N 775". Необходимость принятия данного постановления обусловлена тем, что территория страны расположена в трех часовых поясах и существующая временная разница значительно осложняет координацию административной работы в регионах Казахстана.
      Ранее в рамках решения этой проблемы постановлением  Правительства РК от 20 июля 2004 года N 775 была установлена граница часовых поясов республики, которая в соответствии с административно-территориальным устройством проходит между Актюбинской областью и Костанайской, Карагандинской, Кызылординской областями.
      Указанные границы планировалось установить при переходе в 2004 году на "зимнее" время - для Костанайской и Кызылординской областей и при переходе в 2005 году на "летнее" время - для Актюбинской области. Однако разница во времени между двумя образовавшимися поясами составляла бы два часа.
      В этой связи Правительством установлена существующая граница часовых поясов, но разница во времени теперь будет составлять 1 час. При этом декретное время будет установлено на всей территории республики. Границы поясов будут приняты не в два этапа, как планировалось ранее, а в один, путем единовременного приостановления перехода на "зимнее" время для Костанайской, Кызылординской, Мангистауской, Атырауской и Западно-Казахстанской областей.

      Комитет по стандартизации,
      метрологии и сертификации
      Министерства индустрии и
      торговли Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қарашаның 23-індегі N 1749 және 2004 жылғы шілденің 20-сындағы N 775 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы қазанның 15-індегі N 1059 Қаулысына Түсініктеме

      Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу үрдісін реттеу мақсатында Үкімет "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қарашаның 23-індегі N 1749 және 2004 жылғы шілденің 20-сындағы N 775 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" N 1059 қаулысын қабылдады.
      Бұл қаулыны қабылдауға, республика аумағының 3 сағат белдеуінде жатуы және қолданыстағы уақыт айырмашылықтары Қазақстанның әр өңіріндегі әкімшілік жұмыстарды үйлестіруге қиындық келтіретіндігі себеп болып отыр.
      Бұған дейін де осы мәселені шешу аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы шілденің 20-сындағы N 775 қаулысымен, әкімшілік-аумақтық құрылымға сәйкес, Ақтөбе облысы мен Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыстары арасынан өтетін Қазақстан Республикасының сағаттық белдеулер шекарасын белгілеген болатын.
      Бұл шекараларды 2004 жылы "қысқы" уақытқа ауысу кезінде - Қостанай және Қызылорда облыстары үшін, 2005 жылы "жазғы" уақытқа ауысу кезінде - Ақтөбе облысы үшін белгілеу жоспарланған еді. Алайда, екі уақыт белдеуі арасындағы сағат айырмашылығы 2 сағатты құраған болар еді.
      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі қолданыстағы сағат белдеулерінің шекарасын белгіледі, бірақ, енді уақыт айырмашылығы 1 сағатты құрайтын болады. Сонымен декретті уақыт республиканың бүкіл аумағында белгіленеді. Белдеу шекаралары бұған дейін жоспарланғандай, екі кезеңде емес, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары үшін "қысқы" уақытқа ауысуды бір мезгілде тоқтату жолымен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және
      сауда министрлігінің Стандарттау, метрология
      және сертификаттау комитеті