"О Государственной программе развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2007-2011 годы"

Комментарий социально-политического отдела Администрации Президента Республики Казахстан к Указу Президента Республики Казахстан от 28 декабря 2006 года N 230

      Государственная программа развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2007-2011 годы утверждена Указом Президента N 230 от 28 декабря 2006 года.
      Государственная программа развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на 2007-2011 годы (далее - Программа) разработана в соответствии с  Сетевым графиком  исполнения Общенационального плана мероприятий по реализации  Послания  Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 1 марта 2006 года "Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира" и Программы Правительства Республики Казахстан на 2006-2008 годы от 31 марта 2006 года N 222.
      Программа принята в целях привлечения к осознанным занятиям физической культурой и спортом широких слоев населения, особенно молодежи, создания условий для укрепления здоровья населения страны, подготовки качественного спортивного резерва и воспитания спортсменов международного класса, дальнейшего повышения имиджа спорта Казахстана на международной арене.
      Программа определяет стратегию, основные направления, приоритеты, задачи и механизмы реализации государственной политики в области физической культуры и спорта и охватывает основные аспекты физического воспитания населения, а также вопросы подготовки спортивного резерва и воспитания спортсменов международного уровня.

       Социально-политический отдел
      Администрации Президента
      Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 230 Жарлығына түсініктемесі

      Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 230 Жарлығымен бекітілді.
      Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Бұдан әрі Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесіне сәйкес әзірленді.
      Бағдарлама халықтың қалың жігін, әсіресе жастарды дене шынықтырумен және спортпен саналы түрде шұғылдануға тарту, ел халқының денсаулығын бекемдеу үшін жағдай жасау, спорт резервін сапалы дайындау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу, Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін одан әрі арттыру мақсатында қабылданды.
      Бағдарлама дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, оны іске асырудың міндеттері мен тетіктерін айқындайды және халықтың дене тәрбиесінің негізгі қырларын, сондай-ақ спорт резервін даярлау мен халықаралық дәрежедегі спортшылар тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-саяси бөлімі