О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 марта 2001 года N 575

Указ Президента Республики Казахстан от 8 августа 2003 года N 1161. Утратил силу - Указом Президента РК от 17 января 2004 г. N 1284 (U041284) (вступает в силу с 1 января 2004 г.)

      В целях установления дополнительных гарантий военнослужащим Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, непосредственно выполняющим международные обязательства Республики Казахстан по поддержанию мира и безопасности на территориях других государств, постановляю:
      1. Внести в Указ  Президента Республики Казахстан от 25 марта 2001 года N 575 "О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета" следующие дополнения:

     
      пункт 3 дополнить подпунктами 8) и 9) следующего содержания:

     
      "8) военнослужащим (кроме военнослужащих срочной службы), непосредственно выполняющим международные обязательства Республики Казахстан по поддержанию мира и безопасности на территориях других государств, ежемесячное денежное содержание, предусмотренное по занимаемой должности, повышается в три раза.
      Военнослужащим срочной службы, непосредственно выполняющим международные обязательства Республики Казахстан по поддержанию мира и безопасности на территориях других государств, выплачиваются должностные оклады по I-VI тарифным разрядам согласно приложению 16 и соответствующие надбавки за особые условия прохождения службы, предусмотренные настоящим Указом для военнослужащих;
      9) всем категориям военнослужащих, непосредственно выполняющих международные обязательства Республики Казахстан по поддержанию мира и безопасности на территориях других государств, за непосредственное участие в боевых действиях (боевых вылетах) выплачивается повышенное денежное содержание, предусмотренное подпунктом 8) настоящего пункта, с коэффициентом 3,0 за каждый день участия в боевых действиях.".

     
      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 1161 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен.

      Басқа мемлекеттер аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне қосымша кепілдіктер белгілеу мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) атқаратын лауазымы бойынша көзделген ай сайынғы ақшалай үлесі үш есе арттырылады.
      Басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге 16-қосымшаға сәйкес I-VI тарифтік разрядтар бойынша лауазымдық жалақылар және әскери қызметшілер үшін осы Жарлықта көзделген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін тиісті үстемақылар төленеді;
      9) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілердің барлық санаттарына ұрыс қимылдарына (ұрыс ұшуларына) тікелей қатысқаны үшін ұрыс қимылдарына қатысқан әрбір күніне 3,0 коэффициентімен осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген көтеріңкі ақшалай үлес төленеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Астана, 2003 жылғы 8 тамыз
      N 1161