Об образовании Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 9 сентября 2020 года № 408.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях модернизации и повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий:

      Министерства внутренних дел Республики Казахстан в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, Гражданской обороны, пожарной безопасности, обеспечения функционирования и дальнейшего развития государственной системы предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций, организации предупреждения и тушения пожаров;

      Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан по формированию и реализации государственной политики в сфере промышленной безопасности;

      Министерства национальной экономики Республики Казахстан по формированию и развитию государственного материального резерва.

      2. Правительству Республики Казахстан обеспечить:

      1) по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан перераспределение штатной численности между реорганизуемыми государственными органами и вновь образованным Министерством по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, а также подведомственных им организаций;

      2) принятие иных мер по реализации настоящего Указа.

      3. Определить Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан правопреемником прав и обязательств министерств внутренних дел, индустрии и инфраструктурного развития, национальной экономики Республики Казахстан в пределах передаваемых функций и полномочий.

      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 6 "О структуре Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2019 г., № 22, ст. 205) следующее дополнение:

      пункт 1 дополнить строкой следующего содержания:

      "Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан".

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, оған:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасында штат санын қайта бөлуді;

      2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің құқықтары мен міндеттемелерінің мирасқоры болып белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев