О проведении встреч акимов с населением

Указ Президента Республики Казахстан от 3 марта 2022 года № 826.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента
и Правительства Республики
Казахстан и республиканской
печати

       В соответствии со статьями 17 и 21 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" и в целях дальнейшей демократизации общества, информирования населения о проводимых в стране реформах, повышения прозрачности, ответственности, подотчетности местных исполнительных органов ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Акимам всех уровней проводить в течение года встречи с населением, в ходе которых информировать об основных направлениях нового курса модернизации Казахстана с акцентом на социальные вопросы, волнующие население, и разъяснять пути и сроки решения проблемных вопросов.

      2. Акимам областей, городов республиканского значения, столицы:

      1) ежегодно до 15 января разрабатывать и с уведомлением маслихата утверждать гибкий годовой календарь встреч акимов с населением (далее - календарь), предусматривающий проведение:

      раз в год не менее одной выездной встречи акима области в каждом районе и городе областного значения;

      раз в год не менее одной выездной встречи акима города республиканского значения, столицы в каждом районе города;

      раз в полугодие не менее одной выездной встречи акима района в каждом селе, поселке, сельском округе, городе районного значения;

      раз в полугодие не менее одной выездной встречи акима города областного и районного значения, сельского округа в каждом районе (микрорайоне), селе, поселке, входящем в состав города, сельского округа;

      раз в полугодие не менее одной встречи акима села, поселка, района в городе.

      В случае необходимости допускается корректировка календаря с последующим уведомлением маслихата;

      2) ежегодно до 20 января представлять в Правительство Республики Казахстан утвержденный календарь.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 20.11.2023 № 399 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Акимам всех уровней:

      1) проводить по требованию населения и при необходимости встречи с населением вне календаря;

      2) обеспечить с учетом технических возможностей проведение встреч с организацией онлайн-трансляций с обязательной возможностью комментирования населением на официальных аккаунтах в социальных сетях, а также при необходимости видеоконференцсвязи;

      3) проводить не более одной четверти от запланированного для встречи времени с презентацией доклада, остальную часть времени – в формате "вопросы-ответы";

      4) обеспечить до проведения встреч с населением:

      создание комиссии по сбору запросов и предложений населения для создания пула проблемных вопросов, в том числе с участием членов собрания местного сообщества и общественных советов;

      сбор, анализ запросов и предложений от населения, поступивших на интернет-портал открытых данных и блог-платформу акимов, а также в других формах коммуникации;

      проведение информационно-агитационной работы в средствах массовой информации, в том числе в региональных печатных изданиях, на радио, официальных интернет-ресурсах и веб-портале "электронного правительства", интернет-портале открытых данных, а также на официальных аккаунтах акиматов (аппаратов акимов), в социальных сетях и общедоступных местах;

      организацию объявления о проведении встречи акима с населением:

      за две недели до дня встречи, проводимой акимом области, города республиканского значения и столицы, района, города областного и районного значения;

      за неделю до дня встречи, проводимой акимом села, поселка, сельского округа, района в городе;

      5) после проведения встреч с населением:

      проводить личные приемы граждан совместно с руководящим составом местных исполнительных органов, органов прокуратуры и внутренних дел, депутатами маслихата, членами общественных советов, местной интеллигенцией;

      систематизировать проблемные вопросы с рассмотрением возможности их финансирования на сессии маслихата;

      обеспечить не позднее десяти календарных дней со дня завершения встреч и приема граждан размещение в средствах массовой информации, в том числе на официальных интернет-ресурсах и веб-портале "электронного правительства" информации об итогах проведенных встреч, перечня проблемных вопросов, плана действий по решению проблемных вопросов с указанием конкретных сроков их решения, ответственных исполнителей;

      ежеквартально размещать к 25 числу месяца, следующего за отчетным периодом, информацию о ходе решения проблемных вопросов, поднятых населением на встречах, на официальных интернет-ресурсах и веб-портале "электронного правительства".

      4. Акиматам и аппаратам акимов вовлекать во встречи широкую аудиторию заинтересованных лиц, в том числе депутатов маслихатов, представителей партий, общественных организаций и оппозиции.

      5. Правительству Республики Казахстан обеспечить:

      1) представление в Администрацию Президента Республики Казахстан утвержденных календарей регионов ежегодно до 1 февраля года, следующего за отчетным годом;

      2) сбор перечня проблемных вопросов, требующих решения на уровне центральных исполнительных органов, национальных холдингов и компаний, и предложений по их решению ежегодно до 15 февраля и 15 августа года, следующего за отчетным годом;

      3) размещение на официальных интернет-ресурсах центральных исполнительных органов, национальных холдингов, компаний и ежеквартальную актуализацию перечня проблемных вопросов, входящих в их компетенцию, из числа поднятых населением по итогам выездных встреч акимов с населением, с указанием путей решения и хода их исполнения.

      6. Признать утратившими силу некоторые указы Президента Республики Казахстан согласно приложению к настоящему Указу.

      7. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 3 марта 2022 года № 826

Перечень утративших силу некоторых указов Президента Республики Казахстан

      1. Указ Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений".

      2. Указ Президента Республики Казахстан от 10 января 2018 года № 622 "О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений".

      3. Указ Президента Республики Казахстан от 24 февраля 2020 года № 272 "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений".

      4. Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2020 года № 403 "О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений".

      __________________________________________

Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:

      1) жыл сайын 15 қаңтарға дейін:

      жылына бір рет әр ауданда және облыстық маңызы бар қалада облыс әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

      жылына бір рет қаланың әр ауданында республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

      жарты жылда бір рет әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада аудан әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

      жарты жылда бір рет әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін кентте облыстық және аудандық маңызы бар кала, ауылдық округ әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;

      жарты жылда бір рет ауыл, кент. қаладағы аудан әкімінің кемінде бір кездесуін өткізу көзделген әкімдердің халықпен кездесуінің икемді жылдық күнтізбесін (бұдан әрі - күнтізбе) әзірлеп, оны мәслихатты хабардар ете отырып бекітіп отырсын.

      Қажет болған жағдайда мәслихатты кейіннен хабардар ете отырып, күнтізбені түзетуге жол беріледі;

      2) жыл сайын 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген күнтізбені ұсынсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 20.11.2023 № 399 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Барлық деңгейдегі әкімдер:

      1) халықтың талап етуі бойынша және қажет болған кезде күнтізбеден тыс халықпен кездесу өткізсін;

      2) техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда міндетті түрде пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

      3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін баяндаманы таныстырумен, уақыттың қалған бөлігін "сұрақ-жауап" форматында өткізсін;

      4) халықпен кездесулер өткізгенге дейін:

      проблемалық мәселелердің пулын жасау үшін жергілікті қоғамдастық жиналысы және қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен халықтың сұраулары мен ұсыныстарын жинау жөнінде комиссия құруды;

      ашық деректердің интернет-порталына және әкімдердің блог-платформасына, сондай-ақ коммуникацияның басқа да нысандарында халықтан келіп түскен сұраулар мен ұсыныстарды жинауды және талдауды;

      бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өңірлік баспа басылымдарында, радиода, ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында, ашық деректер интернет-порталында, сондай-ақ әкімдіктердің (әкімдер аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және барлығына қолжетімді жерлерде ақпараттық-насихат жұмысын жүргізуді;

      әкімнің халықпен кездесуін өткізу туралы хабарландыруды:

      облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала әкімі өткізетін кездесу күніне дейін екі апта бұрын;

      ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан әкімі өткізетін кездесу күніне дейін бір апта бұрын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

      5) халықпен кездесулер өткізгеннен кейін:

      жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды өткізсін;

      проблемалық мәселелерді қаржыландыру мүмкіндігін мәслихат сессиясында қарай отырып, жүйеге келтірсін;

      кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өткізілген кездесулердің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырсын.

      4. Әкімдіктер мен әкімдер аппараттары кездесулерге мүдделі тұлғалардың ауқымды аудиториясын, оның ішінде мәслихат депутаттарын, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерін тартсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін өңірлердің бекітілген күнтізбелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынуды;

      2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына және 15 тамызына дейін орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін проблемалық мәселелердің тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды жинауды;

      3) әкімдердің халықпен көшпелі кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелерді шешу жолдары мен олардың орындалу барысын көрсете отырып, олардың ішінен құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтердің, компаниялардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды және тоқсан сайын жаңартуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 3 наурыздағы
№ 826 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығы.

      2. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 622 Жарлығы.

      3. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 272 Жарлығы.

      4. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 403 Жарлығы.