О вопросах выплаты единовременного пособия в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов

Постановление Акимата Жамбылской области от 14 мая 2005 года N 147. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 25 мая 2005 года за N 1618. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 25 декабря 2008 года N 409

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 25.12.2008 N 409.

       На основании подпункта 1) пункта 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 августа 2002 года "О правах ребенка в Республике Казахстан" и "Программы охраны материнства и детства в Жамбылской области на 2005-2007 годы", утвержденной решением областного маслихата от 27 августа 2004 года N 5-5, зарегистрированный в департаменте юстиции Жамбылской области 28 октября 2004 года N 1475, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Утвердить единовременное пособие в размере 10000 (десять тысяч) тенге в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов, родившихся в период с 01 января 2005 года по 31 декабря 2007 года.
     2. Предоставить право на получение единовременного пособия гражданам Республики Казахстан, оралманам, иностранным гражданам и лицам без гражданства, постоянно проживающим на территории Жамбылской области Республики Казахстан.
     3. Выплату единовременного пособия осуществлять одному из родителей (матери, родившей живого ребенка, либо отцу этого ребенка), в случае отсутствия обоих родителей - опекунам либо иным законным представителям ребенка независимо:
     1) от дохода;
     2) от получения иных видов пособий;
     3) от места рождения четвертого ребенка.
     4. Установить срок обращения за получением единовременного пособия не более 12 месяцев со дня рождения четвертого ребенка.
     5. Акимам районов и города Тараз во исполнение настоящего постановления:
     1) определить перечень документов необходимых для получения  единовременного пособия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан; 
     2) принять меры предусмотренные законодательством Республики Казахстан по своевременной выплате пособий лицам имеющим право на ее получение по 31 декабря 2007 года.
     6. Отношения, не урегулированные настоящим постановлением, регулируются законодательством Республики Казахстан.
     7. Настоящее постановление вступает в силу с момента государственной регистрации в Департаменте юстиции Жамбылской области и распространяется на отношения возникшие с 01 января 2005 года.

     Аким области                               Б. Жексембин

Төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелері туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 14 мамырдағы N 147 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 25 мамырда N 1618 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 409 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.12.25 №  409 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 1) тармақшасының және Жамбыл облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 28 қазанда N 1475 тіркелген облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 шешімімен бекітілген "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасының" негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2007 жылдың 31 желтоқсаны
аралығында туылған төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен төленетін біржолғы жәрдемақы көлемі 10000 (он мың) теңге көлемінде бекітілсін.

      2. Біржолғы жәрдемақыны алу құқығы Қазақстан Республикасының
азаматтарына, оралмандарға, шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға берілсін.

      3. Біржолғы жәрдемақы ата-аналарының біреуіне (тірі бала туған анаға немесе сол баланың әкесіне), ата-анасының екеуі де болмаған жағдайда қамқоршысына немесе баланың басқа да заңды өкіліне:

      1) табысына;
      2) жәрдемақының басқа да түрлерін алатынына;
      3) төртінші баланың туылған жеріне қарамастан төленеді.

      4. Біржолғы жәрдемақыны алуға өтініш білдіру мерзімі төртінші
баланың туылған күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

      5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері осы қаулыны орындау мақсатында:

      1) біржолғы жәрдемақыны алу үшін қажет құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықтасын;

      2) 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейін жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларға біржолғы жәрдемақыны уақтылы төлеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.

      7. Осы қаулы Жамбыл облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Облыс Әкімі                              Б.Жексембин