О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года N 70 "О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года N 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года N 141. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2006 года N 4293

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правления Агентства от 25 марта 2006 года N 70 "О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года N 138 "Об утверждении типовых договоров о пенсионном обеспечении за счет обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4212) следующее дополнение:
      пункт 2 дополнить словами ", за исключением абзацев восьмого и шестнадцатого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2007 года".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Управлению защиты прав потребителей финансовых услуг (Усенбекова Л. Е.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М. Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", Объединения юридических лиц "Ассоциация управляющих активами" и накопительных пенсионных фондов.

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 70 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 141 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4293

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 70  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4212 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ ", 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға