Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Осакаровскому району

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 30 апреля 2007 года N 19/01. Зарегистрировано Управлением юстиции Осакаровского района Карагандинской области 18 мая 2007 года N 8-15-64. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 3 мая 2016 года N 22/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 03.05.2016 N 22/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      На основании подпункта 5-2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О занятости населения", подпункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", в соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и в целях обеспечения трудоустройства инвалидов, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест по Осакаровскому району.
      2. Отделу занятости и социальных программ (Плотникова Н.И.) оказывать содействие в трудоустройстве инвалидов.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима района Нуркена Сайфиддиновича Кобжанова.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Осакаровского района О. Каппасов

Осакаров ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 19/01 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 мамырда N 8-15-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы N 22/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 22/01 (оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшасының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Занының 31 бабының 1 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш проценты мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.И. Плотникова) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осакаров ауданының әкімі О. Қаппасов