Об утверждении объема испытаний объектов области аккредитации, подлежащего обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия

Приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2008 года N 427. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 ноября 2008 года N 5353. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 24 мая 2021 года № 356-НҚ,

      Сноска. Утратил силу приказом Министра торговли и интеграции РК от 24.05.2021 № 356-НҚ (вводится в действие с 01.07.2021).

      В соответствии с пунктом 8 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра торговли и интеграции РК от 23.12.2019 № 144 (вводится в действие с 31.12.2020).

      1. Утвердить объем испытаний объектов области аккредитации, подлежащий обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия, в размере пятидесяти процентов.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказ Министра торговли и интеграции РК от 14.04.2021 № 277-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. При расчетах обеспеченности области аккредитации органа по подтверждению соответствия собственной испытательной лабораторией учитывать те характеристики (показатели) объектов, для определения которых необходимо испытательное оборудование.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра торговли и интеграции РК от 23.12.2019 № 144 (вводится в действие с 31.12.2020).

      3. Признать утратившим силу приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 376 "Об утверждении Правил аккредитации органов по подтверждению соответствия, испытательных лабораторий (центров), юридических лиц, осуществляющих поверку, калибровку средств измерений и метрологическую аттестацию методик выполнения измерений", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5091, опубликованный в "Юридической газете" от 25 января 2008 года № 12 (1412).

      4. Комитету по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - Комитет) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета Мухамбетова Г.М.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

В. Школьник


Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 427 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5353 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 356-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакция – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.04.2021 № 277-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласының меншікті сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін сынақ жабдығы қажет объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник