О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Темиртау от 29 января 2008 года N 5/9 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)"

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 19 июня 2008 года N 25/13. Зарегистрировано Управлением юстиции города Темиртау Карагандинской области 14 июля 2008 года N 8-3-61. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 25 марта 2010 года N 11/12

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау от 25.03.2010 N 11/12.

      В целях оказания социальной поддержки граждан, больных туберкулезом, наибольшего охвата пенсионеров с низким размером пенсии, руководствуясь подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", во исполнение решения 10 сессии Темиртауского городского маслихата от 4 июня 2008 года N 10/5 "О внесении изменений в решение 6 сессии Темиртауского городского маслихата от 24 декабря 2007 года N 6/4 "О городском бюджете на 2008 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8–3-60), акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Темиртау "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)" от 29 января 2008 года N 5/9 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8-3-48, опубликовано 6 марта 2008 года в газете "Темиртау" N 10 и 5 марта 2008 года в газете "Зеркало" N 9) следующие изменения и дополнения:
      1) подпункт 10) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "пенсионерам, размер пенсий которых по состоянию на 1 июля 2008 года ниже тринадцати тысяч тенге в месяц с учетом базовой пенсии";
      2) пункт 1 дополнить подпунктом 13) следующего содержания:
      "13) лицам, больным туберкулезом, на период амбулаторного лечения, по справкам ГУ "Противотуберкулезный диспансер города Темиртау".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Куринную Татьяну Михайловну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким города Темиртау                       О. Битебаев

Теміртау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 5/9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N 25/13 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 14 шілдеде N 8-3-61 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарды әлеуметтік қолдау, зейнетақысының мөлшері төмен зейнеткерлерді барынша көп қамту мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 4 маусымдағы 10 сессиясының "Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 6 сессиясының "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 6/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 10/5 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-60 болып тіркелген) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-3-48 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурыздағы N 10 "Теміртау" және 2008 жылғы 5 наурыздағы N 9 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 5/9 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 10)-тармақшасы келесі мазмұнда баяндалсын:
      "2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша базалық зейнетақы есебімен айына он үш мың теңгеден төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге";
      2) 1-тармақтың 13)-тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын: "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" ММ анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев