О внесении изменения в постановление акимата города Жезказган от 15 декабря 2008 года N 848/12 "Об оказании финансовой помощи социально незащищенным обучающимся и обучающимся из числа малообеспеченных семей"

Постановление акимата города Жезказган Карагандинской области от 29 января 2009 года N 02/27. Зарегистрировано управлением юстиции города Жезказган Карагандинской области 25 февраля 2009 года N 8-2-78. Утратило силу - постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 11 апреля 2011 года N 09/04

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 11.04.2011 N 09/04 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", акимат города Жезказган ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Жезказган от 15 декабря 2008 года N 848/12 "Об оказании финансовой помощи социально незащищенным обучающимся и обучающимся из числа малообеспеченных семей" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 8-2-68 от 29 декабря 2008 года, опубликованное в газете "Сарыарка" от 31 декабря 2008 года N 132, в газете "Жезказганская правда" от 31 декабря 2008 года N 74), следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Для оплаты за обучение в Жезказганском университете имени О.А. Байконурова и медицинской Академии города Караганды оказать финансовую помощь социально незащищенным обучающимся и обучающимся из числа малообеспеченных семей".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города                                К. Балмагамбетов

Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 848/12 "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 02/27 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 25 ақпанда N 8-2-78 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 09/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.04.11 N 09/04 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 848/12 "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2008 жылғы 29 желтоқсанында N 8-2-68 тіркелген, "Сарыарқа" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 132, "Жезказганская правда" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 74 жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Қарағанды қаласындағы Медицина академиясында оқу төлемақысын төлеу үшін әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсетілсін".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ. Балмағамбетов