О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области

Решение акима города Каражал Карагандинской области от 09 февраля 2009 года N 5. Зарегистрировано Управлением юстиции города Каражал Карагандинской области 19 февраля 2009 года N 8-5-65. Утратило силу - решением акима города Каражал Карагандинской области от 14 декабря 2009 года N 6

      Сноска. Утратило силу решением акима города Каражал Карагандинской области от 14.12.2009 N 6.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, и "О воинской обязанности и воинской службе" от 8 июля 2005 года аким города Каражал РЕШИЛ:
      1. В первом квартале 2009 года в период с января по март месяцы провести приписку граждан Республики Казахстан 1992 года рождения, а также старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку, в целях принятия граждан на воинский учет, определения их количества,степени годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня, специальности и определения уровня физической подготовки.
      2. Руководителям организаций и предприятий на время, необходимое для выполнения обязанностей связанных с постановкой допризывников на воинский учет, граждан 1992 года рождения отозвать из отпусков и командировок, освободить от работы (учебы) с сохранением заработной платы (стипендии) по месту их постоянного места работы (учебы).
      3. Начальнику городского отдела внутренних дел (Таттимбеков К.С. по согласованию) в соответствии с пунктом 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О воинской обязанности и воинской службе" производить розыск, задержание и при необходимости доставку лиц, уклоняющихся от выполнения воинских обязанностей, связанных с постановкой на воинский учет в Отдел по делам обороны.
      4. Акимам поселка Жайрем и поселка Шалгинский, руководителям учебных заведений, предприятий и учреждений обеспечить сто процентную явку граждан 1992 года рождения на призывной участок в сопровождении военруков, работников отделов кадров, сотрудников полиции.
      5. Начальнику Отдела по делам обороны города Каражал (Альмагамбетову А.Н. по согласованию) представить информацию акиму города Каражал до 30 марта 2009 года об итогах приписки граждан Республики Казахстан 1992 года рождения к призывному участку.
      6. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя акима города Каражал А. Курмансеитова.
      7. Данное решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Каражал                        Г. Мукашев

      СОГЛАСОВАНО:
      Начальник отдела по делам обороны          А. Альмагамбетов

      Начальник отдела внутренних дел            К. Таттимбеков

Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімінің 2009 жылғы 09 ақпандағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда N 8-5-65 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 6 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімінің 2009.12.14 N 6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес Каражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін, мамандығын белгілеу және дене даярлығы деңгейін анықтау мақсатында 2009 жылдың 1 тоқсанында қаңтардан наурызға дейін Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған, сондай-ақ одан үлкен жастағы шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары әскери есепке алынуға байланысты міндеттерді атқару үшін 1992 жылы туған азаматтарды қажетті уақытқа демалыстар мен іссапарлардан кері шақырып алсын, тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша еңбекақысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылсын.
      3. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.С. Таттымбеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабының 3 тармағына сәйкес әскери есепке тұруға байланысты әскери міндеттерін орындаудан жалтарушыларды іздестіруді, ұстауды жүргізсін және қажет болған жағдайда әскери есепке алынуға байланысты Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері оқу орындардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне әскери жетекшілермен, кадр бөлімдерінің жұмысшыларымен және полиция қызметкерлерінің жетекшілігімен жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін.
      5. Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (А. Әлмағамбетов келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Қаражал қаласының әкіміне 2009 жылғы 30 наурызға дейін тапсырсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансеитовке жүктелсін.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қорғаныс істер жөніндегі
      бөлімінің бастығы                          А. Әлмағамбетов

      Ішкі істер бөлімінің бастығы               Қ. Таттымбеков