О возмещении расходов на питание детей, воспитывающихся в пришкольных интернатах района, за счет средств местного бюджета

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 7 октября 2009 года N 250/9. Зарегистрировано Управлением юстиции Железинского района Павлодарской области 6 ноября 2009 года N 12-6-78. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 24 сентября 2013 года N 389/8

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 24.09.2013 N 389/8.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании пункта 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2000 года N 738 "О размерах и источниках социальной помощи нуждающимся гражданам в период получения ими образования", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Освободить от родительской платы за питание детей, воспитывающихся в пришкольных интернатах района, в период получения ими образования.
      2. Расходы на питание детей, воспитывающихся в пришкольных интернатах района, возмещать за счет средств местного бюджета.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Аким района                                Ж. Шугаев

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауданның мектепке қарасты интернаттарда тәрбиеленетін балалардың тамақтануы үшін шығындарды өтеу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 250/9 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қарашада N 12-6-78 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі N 389/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 24.09.2013 N 389/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" N 738 қаулысының 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Білім алу кезеңінде ауданның мектепке қарасты интернаттарда тұрып тамақтанатын балалардың тамағы үшін төлемнен ата-аналар босатылсын.
      2. Ауданның мектепке қарасты интернаттарда тұратын балаларды тамақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев