О внесении изменений и дополнений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 "Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы"

Решение XXIII сессии Маслихата города Алматы IV созыва от 30 ноября 2009 года N 264. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 28 декабря 2009 года за N 833

      В соответствии с пунктом 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан» маслихат города Алматы IV-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 767, опубликовано 21 февраля 2008 года в газете «Алматы ақшамы» № 21 и 21 февраля 2008 года в газете «Вечерний Алматы» № 24-25, внесены изменения решением XI-ой сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года № 125 «О внесении изменения в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы», зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 777, опубликовано 9 сентября 2008 года в газете «Алматы ақшамы» № 102 и 23 августа 2008 года в газете «Вечерний Алматы» № 101 (10991)) следующие изменения и дополнения:
      в Правила благоустройства территории города Алматы, утвержденные указанным решением:
      в пункте 2:
      подпункт 12) изложить в следующей редакции:
      «12) Твердые бытовые отходы (далее ТБО) – бытовые отходы потребления, являющиеся составной частью коммунальных отходов.»;
      подпункт 14) изложить в следующей редакции:
      «14) Уполномоченный орган – государственный орган, уполномоченный акиматом города Алматы выполнять функции, связанные с организацией уборки и благоустройством территории города.»;
      дополнить подпунктами 15), 16), 17), 18), 19) следующего содержания:
      «15) Мусоровывозящая организация – организация, осуществляющая вывоз коммунальных отходов специализированным транспортом.
      16) Специализированный транспорт – транспортное средство, соответствующее техническим характеристикам завода изготовителя и предназначенное для вывоза отходов (мусора) с соблюдением санитарных правил, оборудованное уплотнительным устройством и погрузочными приспособлениями для захвата стандартных контейнеров.
      17) Коммунальные отходы – отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования.
      18) Генеральная схема вывоза коммунальных отходов города Алматы – документ, определяющий порядок вывоза коммунальных отходов с территории города, направленный на обеспечение санитарно-эпидемиологической и экологической безопасности города Алматы, утвержденный решением маслихата города Алматы.
      19) Учет отходов – система сбора и предоставления информации о количественных и качественных характеристиках отходов и способах обращения с ними.»;
      абзац второй пункта 17 изложить в следующей редакции:
      «по улично-дорожной сети, площадям, общественным местам (зоны отдыха общего пользования, парки, скверы, набережные) – уполномоченным органом;»;
      пункт 109 изложить в следующей редакции:
      «109. Вывоз ТБО у юридических лиц (в том числе КСК, ПКСД и др.), иных хозяйствующих субъектов, осуществляющих свою деятельность на территории города, а также у владельцев индивидуальных жилых домов производится на договорной основе подрядными мусоровывозящими организациями, выигравшими конкурс (тендер) по вывозу отходов, проводимым уполномоченным органом.»;
      пункт 110 изложить в следующей редакции:
      «110. Вывоз ТБО осуществляется мусоровывозящими организациями, имеющими специализированный транспорт и договорные отношения со специализированными предприятиями, производящими сортировку, обезвреживание и переработку ТБО с последующей его утилизацией, согласно утвержденным в соответствии с законодательством нормам накопления ТБО.
      Мусоровывозящие организации должны оказывать услуги по мусороудалению в сроки, указанные в графике (приложение к договору на вывоз ТБО) и осуществлять доставку ТБО на специализированные предприятия, производящие сортировку, обезвреживание и переработку ТБО с последующей его утилизацией.»;
      пункт 113 изложить в следующей редакции:
      «113. На территории домовладений выделяются специальные площадки для размещения контейнеров, оснащенных устройствами для их захвата и разгрузки, с удобными подъездами для специализированного транспорта.
      Владельцы индивидуальных жилых домов вправе иметь малогабаритные контейнеры для сбора ТБО.
      Не допускается складирование и размещение ТБО на проезжей части улиц, а также на прилегающих территориях индивидуальных жилых домов.».
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата города Алматы IV-го созыва по вопросам градостроительства, благоустройства и коммунальной собственности (Нам О.Ю.) и заместителя акима города Алматы Шорманова Е.А.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXIII-й
      сессии маслихата
      города Алматы
      IV-го созыва                            Т. Мукашев

«Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 264 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 833 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 767 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінің № 21 және 2008 жылғы 21 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінің № 24-25 сандарында жарияланған, «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 шешімімен өзгерістер енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 777 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қыркүйекте «Алматы ақшамы» газетінің № 102 және 2008 жылғы 23 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің № 101 (10991) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде:
      2 тармақта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) коммуналдық қалдықтардың құрамдас бөлігі болып табылатын тұтынылған тұрмыстық қалдықтар.»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Өкілетті орган - Алматы қаласының әкімдігі қала аумағын көріктендіру және тазалауды ұйымдастырумен байланысты функцияларды орындауға өкілеттік берген мемлекеттік орган.»;
      мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) Қоқысты сыртқа шығарушы ұйым – арнайы көлікпен коммуналдық қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйым.
      16) Арнайы көлік – шығарушы зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес келетін және санитарлық ережелерді сақтай отырып, қалдықтарды шығаруға негізделген, тығыздайтын құрылғымен және стандартты контейнерлерді іліп алып, көтеруге арналған, тиегіші бар құрылғымен жабдықталған көлік құралы.
      17) Коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде жинақталатын тұтыну қалдықтары, сонымен бірге адам өмірінің тіршілігінде пайда болатын қалдықтар, сондай-ақ құрамы мен пайда болуының сипаты жағынан оған жақын өндіріс қалдықтары.
      18) Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың Бас схемасы - Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың тәртібін айқындайтын құжат, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітіледі.
      19) Қалдықтардың есебін жүргізу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларын жинаудың және ақпараттар берудің және олармен жұмыс істеу әдістерінің жүйесі.»;
      17 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, саябақтар, жағалаулар) бойынша -өкілетті орган арқылы;»;
      109 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «109. Заңды тұлғалардан (оның ішінде ПИК-тер, ҮИТК-тер және т.б.), қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен ҚТҚ тасымалдау өкілетті орган өткізетін қоқыс шығару жөніндегі конкурсты (тендерде) жеңіп алған қоқыс шығарушы мердігер ұйымдармен жасалған келісім шарттар негізінде жүргізіледі»;
      110 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. ҚТҚ-ны тасымалдауды ҚТҚ-ны жинақтаудың заңнамалық нормаларына сәйкес арнайы көлігі бар және ҚТҚ-ны сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынасы бар қоқыс шығарушы ұйымдар жүзеге асырады.
      Қоқыс тасымалдау ұйымдары кестеде (ҚТҚ-ды тасымалдау туралы шартқа қосымша) көрсетілген мерзімдерде қоқыстарды әкету қызметтерін көрсетуі және ҚТҚ сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындарға ҚТҚ жеткізіп беруі тиіс.»;
      113 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Үй-жайлардың аумағында арнайы көліктің кіреберістерге келуіне қолайлы, контейнерлер орналастыратын арнайы алаңдар бөлінеді. Контейнерлер іліп алып тиеу және түсіру үшін арнайы қондырғылармен жабдықталады.
      Жеке тұрғын үйлер иелері ҚТҚ жинау үшін көлемі шағындау контейнерлер ұстауға құқылы.
      ҚТҚ көшелердің жүретін бөлігіне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерге қарасты аумаққа үйіп, жинауға жол берілмейді.»;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (О.Ю.Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Шормановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХХІІІ сессиясының төрағасы              Т. Мұқашев