Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 3 марта 2009 года N 37. Зарегистрировано Управлением юстиции района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области 30 марта 2009 года N 13-5-91. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 4 мая 2016 года N 117

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 04.05.2016 N 117 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с пунктом 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года № 39 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 5-2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить предприятиям квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на Кушенова Айбека Оралбековича, заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      И. о. акима района А. Тайшабаева

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 37 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 наурызда N 13-5-91 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 117 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31-бабы 1-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде кәсіпорындарда мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарынан мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м. а. А. Тайшабаева