О внесении изменения в приказ И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 799 "Об утверждении предельных объемов стационарной помощи"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 июня 2010 года № 451. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июля 2010 года № 6329

      В целях дальнейшего повышения качества и доступности медицинской помощи населению ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 799 "Об утверждении предельных объемов стационарной помощи" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5949, опубликованный в "Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан" от 20 апреля 2010 года № 7) следующее изменение:
      в приложении 1 к указанному Приказу:
      в предельных объемах стационарной помощи в организациях здравоохранения, оказывающих стационарную помощь, за исключением противотуберкулезных, инфекционных и психиатрических медицинских организаций:
      в графе "Планируемое число больных на стационарное лечение" цифры "168 202", "73 946", "169 790" и "1 982 255" заменить цифрами "168 402", "78 946", "171 439" и "1 989 104" соответственно.
      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Нургазиев К.Ш.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Каирбекову С.З.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Ж. Доскалиев

"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 451 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6329 болып енгізілді

      Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдерінде:
      «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағанында «168 202», «73 946», «169 790» және «1 982 255» деген сандар тиісінше «168 402», «78 946», «171 439», «1 989 104» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ж. Досқалиев