Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2011 год

Постановление акимата Зерендинского района Акмолинской области от 29 декабря 2010 года № 559. Зарегистрировано Управлением юстиции Зерендинского района Акмолинской области 14 января 2011 года № 1-14-151. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 30 декабря 2011 года № 651

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Зерендинского района Акмолинской области от 30.12.2011 № 651.

      В соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, пунктом 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» от 13 апреля 2005 года, пунктом 5-2 статьи 7 Закона Республики Казахстан «О занятости населения» от 23 января 2001 года, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2011 год.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Зерендинского района «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2010 год» от 1 февраля 2010 года № 39 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-14-129, опубликованное 19 февраля 2010 года в газете «Зеренді»).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Таласбаеву А.А.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района                                Е.Сагдиев

2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-14-151 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Зеренді ауданы әкімдігінің «2010 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-129 тіркелген, 2010 жылы 19 ақпанда «Зеренді» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев