О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку

Решение акима Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 9 декабря 2010 года N 7. Зарегистрировано управлением юстиции Бухар-Жырауского района Карагандинской области 21 декабря 2010 года N 8-11-105. Утратило силу - решением акима Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 15 декабря 2011 года N 6

      Сноска. Утратило силу - решением акима Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 15.12.2011 N 6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 08 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" РЕШИЛ:
      1. Провести приписку граждан 1994 года рождения к призывному участку с января по март 2011 года.
      2. Акимам сельских, аульных округов, сел и поселков района обеспечить организованную явку граждан.
      3. Заместителю акима Бухар-Жырауского района (Әли Асхат Сағадиұлы) провести координационное совещание по вопросам организации и проведения приписки граждан к призывному участку.
      4. Информацию об итогах проведения приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку предоставить в аппарат акима Бухар-Жырауского района в срок до 10 апреля 2011 года.
      5. Считать утратившим силу решение акима Бухар-Жырауского района "О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку" от 2 февраля 2010 года N 1 (регистрационный номер 8-11-89, опубликовано 27 февраля 2010 года в районной газете "Сарыарқа" N 8).
      6. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Әли Асхат Сағадиұлы.
      7. Настоящее решение вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района                                Ш. Мамалинов

1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 7 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 желтоқсанда N 8-11-105 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімінің 2011.12.15 N 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін жүргізілсін.
      2. Селолық, ауылдық округтердің, селолар мен кенттердің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары (Асхат Сағадиұлы Әли) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
      4. 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
      5. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 1 "1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (тіркеу нөмірі 8-11-89, аудандық "Сарыарқа" N 8 газетінде 2010 жылғы 27 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов