О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 634 "Об утверждении Правил маркировки лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники"

Приказ И.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 366. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2011 года № 7011. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 394

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 06.06.2012 № 394.

      В соответствии с решением Межгосударственного Совета Евразийского экономического сообщества (Высшего органа Таможенного союза) от 19 мая 2011 года № 81, а также решения Комиссии Таможенного союза от 19 мая 2011 года № 644 "О выполнении Планов по переносу согласованных видов государственного контроля на внешнюю границу Таможенного союза", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 634 "Об утверждении Правил маркировки лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5897, опубликованный в газете "Юридическая газета" 9 декабря 2009 года № 188 (1785)) следующее дополнение:
      в Правилах маркировки лекарственных средств, утвержденным указанным приказом:
      дополнить пункт 8 подпунктом 15-1) следующего содержания:
      "15-1) регистрационный номер лекарственного средства в виде обозначения "РК-ЛС-" на лицевой стороне упаковки".
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бейсен Н.Е.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Юридическому департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Таласпаева А.С.) обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Байжунусова Э.А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра здравоохранения
      Республики Казахстан                       С. Мусинов

"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 8 маусымдағы № 366 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда № 7011 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 81 шешіміне, сондай-ақ «Кеден одағының сыртқы шекарасына мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін көшіру бойынша жоспарларды орындау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5897 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 188 (1611) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттарды таңбалау ережесінде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1. ҚР-ДЗ белгілеуі түрінде дәрілік заттың тіркеу нөмірі.».       2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Таласпаева А.С.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнама белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен он күнтізбектік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрінің міндетін атқарушы                     С. Мусинов