Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года

Решение Акима города Алматы от 21 декабря 2011 года N 2. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 30 декабря 2011 года за N 915. Утратило силу решением Акима города Алматы от 25 апреля 2012 года N 1

      Сноска. Утратило силу решением Акима города Алматы от 25.04.2012 года N 1.

      Во исполнение статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля  2005 года № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», в целях принятия граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, и граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня и специальности, уровня физической подготовленности, предварительного предназначения призывников, отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения, аким города Алматы РЕШИЛ:
      1. Провести в январе-марте 2012 года приписку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывным участкам Алмалинского, Ауэзовского, Бостандыкского, Жетысуского, Медеуского и Турксибского районов города Алматы, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку.
      2. Акимам районов города Алматы:
      1) организовать и обеспечить приписку граждан мужского пола к призывным участкам через районные Управления по делам обороны;
      2) выделить на период приписки в распоряжение Управлений по делам обороны Алмалинского, Ауэзовского, Бостандыкского и Турксибского районов по 10, а Управлениям по делам обороны Жетысуского и Медеуского районов по 8 технических работников;
      3) предоставить районным Управлениям по делам обороны по 1 единице автотранспортного средства для оповещения граждан, подлежащих приписке;
      4) организовать работу по постановке на учет граждан, подлежащих приписке к призывному участку, прибывающих в город Алматы на постоянное место жительство или временно на срок свыше трех месяцев;
      5) провести через районные Управления по делам обороны учет всех организаций, находящихся на территории района, наладить военно-учетную работу, провести сверку списков допризывников, состоящих на учете.
      3. Акиму Алатауского района города Алматы:
      1) организовать в соответствии с приказом Департамента по делам обороны города Алматы № 102 от 25 ноября  2008 года «Об организации временного воинского учета граждан Алатауского района города Алматы» приписку граждан мужского пола 1995 года рождения к призывным участкам через Управление по делам обороны Ауэзовского района;
      2) выделить на период приписки в распоряжение Управления по делам обороны Ауэзовского района 10 технических работников и 1 единицу автотранспортного средства для оповещения граждан, подлежащих приписке;
      3) обеспечить исполнение подпунктов 4 и 5 пункта 2 настоящего решения.
      4. Департаменту по делам обороны города Алматы (по согласованию):
      1) в период проведения приписки к призывным участкам активизировать работу по военно-патриотическому воспитанию молодежи;
      2) провести отбор кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступлению в военные учебные заведения Республики Казахстан и зарубежных государств;
      3) осуществить работу по разъяснению гражданам обязанности по воинскому учету;
      4) о выполнении настоящего решения проинформировать акимат города Алматы до 15 апреля 2012 года.
      5. Управлению образования города Алматы совместно с Департаментом по делам обороны города Алматы обеспечить:
      1) явку на призывной пункт граждан, подлежащих приписке, освободить их от учебы на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой допризывников на воинский учет;
      2) оповещение граждан, подлежащих приписке, о вызове их в районные Управления по делам обороны и своевременное прибытие по этому вызову согласно утвержденных графиков.
      6. Департаменту внутренних дел города Алматы (по согласованию) выявить граждан, уклоняющихся от постановки на воинский учет и обеспечить их доставку в районные Управления по делам обороны.
      7. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      8. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким                                    А.Есимов

2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Алматы қаласы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 2 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 915 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 1 шешімімен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және бұрын әскери тіркеуден өтпеген жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене бітімінің даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылуға алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Алматы қаласы Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
      2. Алматы қаласы аудандарының әкімдері:
      1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) тіркеу мерзімінде Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 10 техникалық қызметкерді және Жетісу мен Медеу аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 8 техникалық қызметкерді бөлсін;
      3) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын берсін;
      4) Алматы қаласына тұрақты тұруға немесе үш ай мерзімнен көп уақытқа тұруға келген, әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтарды есепке қою жұмыстарын ұйымдастырсын;
      5) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы ауданда тұратын барлық ұйымдарды есепке алсын, әскери-есеп жұмыстарын жөнге келтірсін, есепте тұрған шақыру жасына дейінгілердің тізімдерін салыстырсын.
      3. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі:
      1) Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2008 жылғы 25 қарашадағы «Алматы қаласы Алатау ауданының азаматтарын уақытша әскери есепке алуды ұйымдастыру туралы» № 102 бұйрығына сәйкес шақыру учаскелеріне 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Әуезов аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы тіркеуді ұйымдастырсын;
      2) тіркеу мерзімінде Әуезов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 10 техникалық қызметкерді және тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын бөлсін;
      3) осы шешімнің 2 тармағының 4 және 5 тармақшаларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізу кезеңінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандырсын;
      2) әскери техникалық мамандықтар бойынша дайындауға және Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі әскери оқу орнына түсу үшін үміткерлерді іріктеу өткізсін;
      3) азаматтарға әскери есепке тұру жөніндегі міндеттерін түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырсын;
      4) 2012 жылдың 15 сәуіріне дейін осы шешімнің орындалуы туралы Алматы қаласының әкімдігіне хабарласын.
      5. Алматы қаласының Білім басқармасы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып:
      1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты оларды міндеттерін орындау үшін қажетті уақытта оқудан босатуын;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға хабарлауды, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы және бекітілген кестеге сәйкес осы шақырулар бойынша уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) әскери есепке алынудан бас тартқан азаматтарды анықтау және оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімі                        А. Есімов