Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 3 мая 2012 года № 58. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июня 2012 года № 7687. Утратил силу приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан от 26 декабря 2012 года № 226

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 26.12.2012 № 226.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах»ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги «Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей».
      2. Комитету по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Д. Мынбай

Утвержден                    
приказом Министра культуры и информации   
Республики Казахстан             
от 3 мая 2012 года № 58           

Регламент государственной услуги
«Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз
культурных ценностей»

1. Общие положения

      1. Настоящий регламент государственной услуги «Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей» (далее - Регламент) разработан в соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 9-115-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах», а также в соответствии со стандартом государственной услуги «Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 83 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области культуры и внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам» (далее - Стандарт).
      2. В Регламенте используются следующие понятия:
      1) получатель - физическое или юридическое лицо;
      2) свидетельство на право временного вывоза культурных ценностей - документ, являющееся основанием для пропуска указанных ценностей через таможенную и Государственную границу Республики Казахстан;
      3) структурно-функциональные единицы - должностные лица, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги.
      3. Государственную услугу «Выдача разрешения на временный вывоз и ввоз культурных ценностей» (далее - государственная услуга) осуществляет Комитет по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее - Комитет).
      4. Государственная услуга не автоматизирована.
      5. Государственная услуга оказывается на основании пункта 4 статьи 36 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» и постановления Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2007 года № 440 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на вывоз и ввоз культурных ценностей».
      6. Результатом оказываемой государственной услуги является выдача свидетельства на право временного вывоза культурных ценностей (далее - свидетельство) либо мотивированный ответ об отказе в выдаче свидетельства в письменном виде.
      Основанием для отказа в предоставлении государственной услуги являются:
      1) неудовлетворительное физическое состояние вывозимых культурных ценностей, указанное в заключении экспертной комиссии, за исключением случаев временного вывоза в целях их реставрации;
      2) нахождение культурной ценности в международном и (или) государственном розыске;
      3) несоответствие цели вывоза, указанной в заключении экспертной комиссии, с целью, предусмотренной в заявлении.

2. Требования к порядку оказания государственной услуги

      7. Государственная услуга оказывается Комитетом в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов по адресу: 010000, город Астана, ул. Орынбор, дом № 8, здание «Дом Министерств», 15 подъезд, кабинет № 527.
      Предварительная запись для получения государственной услуги не требуется, ускоренное обслуживание не предусмотрено.
      8. Информацию о государственной услуге можно получить на портале электронного Правительства: www.e.gov.kz, интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан: www.mki.gov.kz, а также обратившись в Комитет по телефону: 8 (7172) 74-04-34.
      9. Государственная услуга оказывается бесплатно.
      10. Сроки оказания государственной услуги:
      1) в течение десяти календарных дней со дня сдачи необходимых документов;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - 15 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания получателя - не более 10 минут.
      11. Этапы оказания государственной услуги:
      1) прием и регистрация документов представленных получателем;
      2) передача документов руководству;
      3) рассмотрение документов и определение исполнителя руководством Комитета;
      4. передача документов лицу, оформляющему свидетельство;
      5) сверка документов на подлинность и проверка полноты документов исполнителем;
      6) решение о выдаче свидетельства;
      7) оформление свидетельства;
      8) регистрация свидетельства в Реестре свидетельств;
      9) выдача свидетельства или уведомления о причинах отказа.
      12. Прием документов получателя для оказания государственной услуги осуществляется одним лицом в течение графика работы Комитета.

3. Описание порядка действий (взаимодействий)
в процессе оказания государственной услуги

      13. Для получения государственной услуги получатель (либо представитель по доверенности) представляет в Комитет документы, указанные в пункте 11 Стандарта.
      14. Подтверждением приема документов, является выдача получателю (либо представителю по доверенности) талона, где указываются дата и время, фамилия и инициалы сотрудника документационной службы Комитета, принявшего документы.
      15. Описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) структурно-функциональных единиц, приведено в приложении к настоящему Регламенту.

Приложение                   
к регламенту государственной услуги     
«Выдача разрешения на временный      
вывоз и ввоз культурных ценностей»     

Описание последовательности и взаимодействие административных
действий (процедур) структурно-функциональных единиц

Действия основного процесса (хода, потока работ)

Наименование
структурно-
функциональных
единиц

Сотрудник
канцелярии

Руководство
Комитета

Сотрудник Управления
историко-культурного
наследия

1

Наименование
действия
(процесса,
процедуры
операции) и их
описание

1. Регистрация
документов
2. Передача
документов
руководству

3. Рассмотрение
документов
4. Передача
документов в
управление
историко-
культурного
наследия

5. Анализ тематики
обращения. Принятие
решения о возможности
исполнения обращения

2

Форма, завершения
(данные,
документ,
организационно-
распределительное
решение)

7. Отправка
документов


Подготовка ответа
пользователю
6. Оформление
свидетельства или
уведомления о причинах
отказа

3

Сроки исполнения

2 дня

1 день

7 дней ответ об отказе
в течение 2-х дней

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 58 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7687 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 226 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 26.12.2012 № 226 бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Д. Мыңбай

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің 
2012 жылғы 3 мамырдағы       
№ 58 бұйрығымен бекітілген  

«Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) алушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік - Қазақстан Республикасының кедендік және Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін негіз болып табылатын құжат;
      3) құрылымды-функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы лауазымды тұлғалар.
      3. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағы және «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына қағаз нұсқасында куәлік беру (бұдан әрі - куәлік) немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны жөнінде жазбаша түрде дәйекті жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген олардың қанағаттанғысыз табиғи жай-күйі;
      2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
      3) сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген әкету мақсатының өтініште көзделген мақсатқа сәйкес келмеуі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 бөлмеде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат электрондық Үкімет порталында www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Комитеттен 8 (7172) 74-04-34 телефоны арқылы білуге болады.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 10 минуттан аспайды.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      1) алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) құжаттарды басшылыққа беру;
      3) құжаттарды қарастыру және Комитет басшылығының орындаушыны анықтауы;
      4) куәлікті дайындайтын тұлғаға құжаттарды беру;
      5) орындаушының құжаттардың түпнұсқалығын салыстыруы және құжаттардың толық екендігін тексеруі;
      6) куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
      7) куәлікті дайындау;
      8) куәліктер журналына куәлікті тіркеу;
      9) куәлікті немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушының құжаттарын Комитеттің жұмыс кестесі бойынша бір тұлға қабылдайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы іс-әрекеттер
тәртібінің сипаттамасы

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      14. Алушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
      15. Құрылымды-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімдердің) және бірізділігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Мәдени құндылықтарды уақытша    
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» 
мемлекеттік қызмет регламентіне   
қосымша               

Құрылымды-функционалдық бірліктердің әкімшілік іс-әрекетінің
(рәсімдердің) және бірізділігінің сипаттамасы

Негізгі іс-әрекеттер процесі

Құрылымды-функционалдық бірліктер атауы

Кеңсе қызметкері

Комитет басшылығы

Тарихи-мәдени мұра басқармасы қызметкері

1

Іс-әрекет атауы және оның сипаттамасы

1. Құжаттарды тіркеу 2. Құжаттарды басшылыққа беру

3. Құжаттарды қарастыру
4. Құжаттарды тарихи-мәдени мұра басқармасына беру

5. Өтінішті сараптау. Куәлікті беру туралы шешім қабылдау

2

Формасы, аяқталуы (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлісу шешімі)

7. Құжатты жолдау


Тұтынушыға жауап дайындау
6. Куәлікті дайындау немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беру

3

Орындау мерзімі

2 күн

1 күн

7 күн бас тарту туралы жауап 2 күн ішінде