О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Мугалжарском районе

Решение Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 21 декабря 2012 года № 56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 января 2013 года № 3492. Утратило силу решением маслихата Мугалжарского района Актюбинской области от 12 апреля 2016 года № 19

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мугалжарского района Актюбинской области от 12.04.2016 № 19 (вступает в силу со дня его принятия).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 32 Конституции Республики Казахстан от 30 августа 1995 года, статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года № 2126 "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан" Мугалжарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить следующие места для проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Мугалжарского района:
      по городу Кандыагаш:
      площадь возле здания управления "Актюбеэнергонефть",
      площадь пересечения улицы Сакена Сейфуллина и проспекта "Победа";
      по городу Эмба:
      Центральный стадион;
      по городу Жем:
      площадь возле городского Дома культуры.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь районного
      районного маслихата маслихата
      Д.Мурзатаев С.Салыкбаев

Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 56 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 3492 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 19 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 32 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында Мұғалжар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар белгіленсін:
      Қандыағаш қаласы бойынша:
      "Ақтөбеэнергомұнай" басқармасы ғимараты жанындағы алаң,
      Сәкен Сейфуллин көшесі мен "Жеңіс" даңғылы қиылысындағы алаң;
      Ембі қаласы бойынша:
      Орталық стадионы;
      Жем қаласы бойынша:
      қалалық мәдениет үйі ғимараты жанындағы алаң,
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Д.Мұрзатаев С.Салықбаев