"О наименовании улиц и составных частей Коктауского сельского округа"

Решение акима Коктауского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 1 июня 2012 года № 9. Зарегистрировано Управлением юстиции Хромтауского района Актюбинской области 26 июня 2012 года № 3-12-152

      Сноска. В реквизитах, заголовке и по всему тексту решения на государственном языке слово "селолық" заменено соответственно словом "ауылдық" решением акима Коктауского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 28.07.2015 № 20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года № 4200 "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения Коктауского сельского округа, аким Коктауского сельского округа РЕШИЛ:
      1. В соответствии с прилагаемой к настоящему решению схематической картой, присвоить следующие наименования улицам села Коктау Коктауского сельского округа:
      улица "Нурлы кош";
      улица Абая;
      улица Ленина;
      улица Гагарина.
      2. В соответствии с прилагаемой к настоящему решению схематической картой, присвоить следующие наименования составным частям (зимовьям) Коктауского сельского округа:
      зимовье Жангельди;
      зимовье Талдысай;
      зимовье Жылан тобе;
      зимовье Кошенсай
      3. Исполнение настоящего решения возложить на главного специалиста ГУ "Аппарат акима Коктауского сельского округа" Рсалина А.И.
      4. Контроль за исполнением решения оставляю за собой.
      5. Настоящее решение вводиться в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Аким Коктауского сельского округа Б. Жумагалеев

"Көктау ауылдық округінің көшелері мен құрылымдық бөліктеріне атау беру туралы"

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда № 3-12-152 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 28.07.2015 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Көктау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Осы шешімге қосымша ұсынылған схемалық картаға сәйкес орналасқан Көктау ауылдық округінің келесі көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      "Нұрлы көш" көшесі;
      Абай көшесі;
      Ленин көшесі;
      Гагарин көшесі.
      2. Осы шешімге қосымша ұсынылған схемалық картаға сәйкес орналасқан Көктау округінің құрылымдық бөліктеріне (қыстаулар) мынадай атаулар берілсін:
      Жангелді қыстауы;
      Талдысай қыстауы;
      Жылан төбе қыстауы;
      Көшенсай қыстауы.
      3. Осы шешімнің орындалуы "Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.И. Рсалинге тапсырылсын.
      4. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көктау ауылдық
      округінің әкімі Б. Жұмағалеев