О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку управления по делам обороны города Семей в 2012 году

Решение акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 11 января 2012 года N 1. Зарегистрировано Управлением юстиции города Семей Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 10 февраля 2012 года за N 5-2-154. Утратило силу решением акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 14 сентября 2012 года N 9

      Сноска. Утратило силу решением акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 14.09.2012 N 9.
      
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 1718 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О воинской обязанности и воинской службе», постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», РЕШАЮ:
      1. Провести в январе-марте 2012 года приписку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет.
      2. Рекомендовать государственному учреждению «Управление по делам обороны города Семей» в целях своевременного и качественного проведения приписки подготовить призывной участок.
      3. Рекомендовать заместителю начальника областного управления здравоохранения по Семейскому региону Жуасбаевой Г. А. обеспечить необходимым количеством врачей–специалистов для освидетельствования юношей.
      4. Акимам сельских округов и поселков:
      1) организовать доставку допризывников на комиссию в специально оборудованных автобусах в сопровождении заместителей акимов сельских округов и поселков или инспекторов военно-учетных столов;
      2) принять меры, предотвращающие несчастные случаи при перевозке допризывников.
      5. Руководителям учреждений образования обеспечить в указанные сроки явку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет в управление по делам обороны города Семей.
      6. Рекомендовать начальнику управления внутренних дел Сыдыкову Е. С. выделить работников полиции для дежурства на призывном участке на период приписки.
      7. Контроль над исполнением решения возложить на заместителя акима города Исабаеву З. Р.
      8. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Аким города Семей                                  А. Каримов
      
      Согласовано:
      
      Начальник управления по делам
      обороны города Семей                               Р. Нуралиев
      
      Начальник управления
      внутренних дел города Семей
      Департамента внутренних дел
      Восточно-Казахстанской области                      Е. Сыдыков
      
      Заместитель начальника областного
      управления здравоохранения
      по Семейскому региону                              Г. Жуасбаева

Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда N 5-2-154 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2012.09.14 N 9 шешімімен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1718-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
      2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесін дайындау ұсынылсын.
      3. Семей қаласы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғ. Ә. Жуасбаеваға жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
      1) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
      2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмайтын шараларды қабылдасын.
      5. Білім мекемелерінің басшылары тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      6. Семей қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Е. С. Сыдыковқа тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік атқару үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                                А. Кәрімов
      
      Келісілді:
      
      Семей қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасының бастығы                     Р. Нұралиев
      
      Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер
      Департаменті Семей қаласының ішкі
      істер басқармасының бастығы                          Е. Сыдықов
      
      Облыстық денсаулық сақтау
      басқармасы бастығының
      Семей өңірі бойынша орынбасары                     Ғ. Жуасбаева