О внесении изменений и дополнения в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года N 5/38 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Приозерск"

Решение XVII сессии Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 12 марта 2013 года N 17/125. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 апреля 2013 года N 2304

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года N 5/38 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Приозерск" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-4-278, опубликовано в газете "Приозерский вестник" N 18 (251) от 11 мая 2012 года) следующие изменения и дополнение:
      1) в заголовке вышеуказанного решения "Правил предоставления жилищной помощи населению города Приозерск" заменить словами "Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск", в заголовке и по всему тексту Правил предоставления жилищной помощи населению города Приозерск (далее - Правила), утвержденных указанным решением, слова "Правила предоставления жилищной помощи населению города Приозерск" и "Правилам предоставления жилищной помощи населению города Приозерск" заменить словами "Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск" и "Правилам о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск";
      2) в пункте 1 указанного решения слова "Правила предоставления жилищной помощи населению города Приозерск" заменить словами "Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск";
      3) подпункт 4) пункта 1 Правил изложить в следующей редакции:
      "4) коммунальные услуги - услуги, предоставляемые в жилом доме (жилом здании) и включающие водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление и обслуживание лифтов;";
      4) пункт 2 Правил изложить в следующей редакции:
      "2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг, и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.";
      5) пункт 3 Правил изложить в следующей редакции:
      "3. Жилищная помощь предоставляется семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Приозерск, зарегистрированным в данном жилье, если расходы на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг, услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах нормы площади жилья, обеспечиваемой компенсационными мерами, но не более фактически занимаемой общей площади и нормативов расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и потребление коммунальных услуг, услуг связи, а также стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, превышают долю предельно-допустимых расходов на эти цели.
      Доля предельно-допустимых расходов на содержание жилья (жилого здания) и оплату потребления коммунальных услуг, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, а также услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 8 процентов.";
      6) в пункте 14 Правил слова "сроком на 1 год" заменить словами "сроком на 6 месяцев";
      7) пункт 18 Правил дополнить подпунктом 10-1) следующего содержания:
      "10-1) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме;";
      8) пункт 21 Правил изложить в новой редакции:
      "21. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, а также стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно допустимым уровнем расходов семьи (граждан) на эти цели.".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социально-культурному развитию и социальной защите населения (Кенесов Ж.).
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Г. Мондыбаева

      Секретарь маслихата                        Б. Сарсембеков

Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының XVII сессиясының 2013 жылғы 12 наурыздағы N 17/125 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде N 2304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы N 18 (251) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында "Приозерск қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін" сөздері "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін" сөздерімен ауыстырылсын, көрсетілген шешіммен бекітілген Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі" және "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне" деген сөздер "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ереже" және "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген шешімнің 1-тармағында "Приозерск қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі" сөздері "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ереже" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) Ереженің 1 тармағының 4)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;";
      4) Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.";
      5) Ереженің 3-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Тұрғын үй көмегi Приозерск қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тiркелген отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметiне, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй ауданы нормасының шегiнде, бiрақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан, және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну, байланыс қызметтерi, сондай-ақ тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығындар нормативтерiнен көп емес, осы мақсаттарға шектi-жол берiлетiн шығыстар үлесiнен асатын болса берiледi.
      Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуды, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын, сондай-ақ телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн төлеуге шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысына 8 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.";
      6) Ереженің 14-тармағындағы "1 жыл мерзімге" деген сөздер "6 ай мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) Ереженің 18-тармағы келесі мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының түбiртек-шоты;";
      8) Ереженің 21-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Кеңесов Ж.).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Г. Мондыбаева

      Маслихат хатшысы                           Б. Сәрсембеков